ЖСДП белсенділері үміткерді қолдаған акция өткізді

screenshot 16 1 Саясат

Алматыдағы ЖСДП белсенділері ҚР президенттігіне үміткер Нұрлан Әуесбаевты қолдау мақсатында «Салауатты өмір салтын ұстану және табиғатты сақтау үшін!» акциясын өткізді.

ЖСДП мүшелері табиғат аясында жаттығу жасап, «Медеу» мұз айдыны алдындағы 842 сатыдан тұратын «денсаулық баспалдағымен» бөгетке көтерілді.

Акцияға партия мүшелері, ЖСДП жастар қанатының белсенділері мен қала тұрғындары қатысты.
Сондай-ақ марафон барысында партияның Алматы қалалық филиалының басшысы Нұрлан Әуесбаевтың сайлауалды бағдарламасының негізгі қаулылары жөнінде жиналған қауымға баяндап берді. Қазақстандықтардың өмір сүру сапасының стандарттары азаматтардың денсаулығының кепілі екенін атап өтті. Аталмыш стандарттарда адамның дұрыс тамақтану, ақпарат алу және демалысқа қатысты қажеттіліктері ескерілетін болады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз