Жарнама
Саясат

Жол саласындағы мәселелер оңай шешімін табады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында жол саласына қатысты маңызды мәселелерді айтты. Соның бірі – басыбайлы министрлік құру. 

Жаңадан құрылған министрлікке «Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы», «ҚазАвтожол» басқа да кәсіпорын, мекемелер өз сауалдарын тікелей жеткізуге мүмкіндік алады.

Президент жолдауда айтып кеткен стратегиялық жолдарды тезірек салуға мүмкіндік пайда болады. Жеке министрлікті құру арқылы бюрократизм жойылып, еліміздегі жол саласындағы мәселелер оңай шешімін табады деп ойлаймын.

Сондай-ақ, Президент еліміздегі жолдардың сапасын да біраз сынға алды. Жол құрылысына жауапты мердігер мекемелерге жауапкершілік жүктеді. Олар айтылған сыннан нәтиже шығарады деген ойдамын.

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Атырау облыстық филиалы 4 жыл ішінде жол құрылысынан анықталған біраз ақауларды жойды. Мәселен, құны 357 млн. теңгенің жұмысы мердігерлер қаржысына қайта жасалды.

Айта кетсек, Президент өз сөзінде енді міндетін адал атқармаған барлық компания заң бойынша жауапқа тартылатынын жеткізді.

Дархан Сайлауов,

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы»

РМК Атырау облыстық филиалының директоры

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button