Жарнама
Саясат

ЖЕТІ ЖҰРТТЫҢ ТІЛІН БІЛ!..

 

100 қадамның 79-қадамы – білім беру жүйесінде жоғары сыныптар мен жоғары оқу орындарында ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу. Заман талабына сай ағылшын тілін оқыту – ұрпақ болашағы үшін ерекше маңызды. Дамыған 30 елдің қатарына ену үшін жастарымыздың бұл тілді білуі қажет. Бүгінгі күні балабақшалар мен мектептерде, колледждерде ағылшын тілі пәнінің мамандары жеткілікті. Сондықтан, 79-қадамның орындалуына барлық педагогтар қауымы жауапты.

Бағдарламада Ұлт көшбасшысы ғылым мен білімді дамытуға баса көңіл бөледі. Нақты көрсетілген 100 қадамның ішінде 85-қадам – «Мәңгілік ел» патриоттық актісі жобасын әзірлеу. «Мәңгілік ел» патриоттық актісі жобасын әзірлеу арқылы білім беру саласындағы оқу бағдарламаларына «Мәңгілік ел» құндылықтарын енгізу, «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асырудың жүйелі талабына сақадай сай келетін жұмысшы рөлін және кәсіптік-техникалық мамандықтардың артықшылықтары мен танымалдылығын насихаттауға бағытталады.

Тәрбие және білім беру мекемелері «Мәңгілік ел» құндылықтарын енгізу бағытындағы жұмыстарды кеңінен ұйымдастырып отыр. Атап айтқанда, Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толу мерейтойына орай облысымызда «Қазақ хандығы – «Мәңгілік ел» мұраты, ұлт бастауы» тақырыбында Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының педагогтары қатысқан ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Конференция жұмысына 250-ден астам педагог қатысып, ұрпақ тәрбиесі, тарихи білім, ел экономикасы мәселелері сөз болды, педагогтар бір-бірімен тәжірибе алмасты.

Кәсіптік және техникалық білім алуға жастарымыздың қызығушылығы жоғары. Атап айтқанда, 2014-2015 оқу жылында облысымыздағы кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарына қабылдау экономиканың 15 саласы бойынша жүргізілді.

Құжаттағы 86-қадамның мақсаты – Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел – үлкен отбасы» кең көлемді жобасын әзірлеу және жүзеге асыру.  Бұл мақсат қазақстандықтардың біртектілігін нығайтады және азаматтық қоғамның бүтіндігін қалыптастыру үшін жағдай туғызады. «Үлкен ел – үлкен отбасына» жол балабақша мен мектептен негіз алатыны белгілі. Облысымыздың барлық тәрбие және білім беру ұйымдары аталған жобаның жүзеге асуына қолдан келетін бар мүмкіндікті жасайды. 

Злиха ДҮЙСЕКЕНОВА,  облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button