Жарнама
Саясат

ЖЕР ҚОЙНАУЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНЫЛУЫ ТИІС

Өткен жылдың желтоқсан айында жарияланған «Қазақстан-2050 стратегиясы» Ұлт Көшбасшысының биылғы Жолдауына негіз болғаны белгілі. Тіпті, ұзақ мерзімді құжаттың іске асыру тетігі десек қателеспейміз. Министрлік өкілі де сондықтан өтіп жатқан төртінші индустриалдық төңкеріс кезеңінде даму жолын дұрыс таңдау қажеттігіне тоқталды. Күні бүгінде Қазақстан бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына енгенмен, отыздыққа кірудің маңыздылығы одан да зор.
— Әрине, валюта бағамының өзгерісі елге оңай тимегенмен, 6-7 айдан кейін-ақ жағдай қайта түзелетініне сенімдімін. Себебі, Елбасы сәуір айынан бастап мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын 10 пайызға өсіруді, 2015 жылдың екінші жартысынан бастап тағы да көтеруді тапсырды. Шынтуайтқа келгенде, мұның тиімді тұстары көп-ақ. Әсіресе, Ресей мен Қазақстан арасындағы қосымша құн салығында айтарлықтай айырмашылық бар-ды. Енді біздің тауар өндірушілерге оңтайлы болады, — деген Тимур Серікұлы әлеуметтік саладағы тың жаңалықтарды атап көрсетті. Мемлекеттік жәрдемақылар көлемінің өсуін айтпағанның өзінде халықтың сауаттылық деңгейінің артуы да айтуға тұрарлықтай. «Біз инвесторлармен жүздескенде Қазақстанға деген ерекше қызығушылығын байқап жүрміз. 1992 жылы-ақ алғашқы келісім-шарттар жасалып, «Теңізшевройл» ЖШС-не жер қойнауын пайдалануға бердік. Кейін 1996 жылы Ұлт Көшбасшысының бұл саладағы Жарлығы жүзеге асып, инвестициялардың көптеп тартылуына мұрындық болды. Рас, бұрын жер қойнауын пайдаланушылардың міндеттерін сынға алғандар да кездесті. 1999 жылдан бастап лицензия берілмей, келісім-шарт ресімделді. 2000 жылы лицензия туралы заң шыққанмен, түсініспеушіліктер көбейді. Ал, 2010 жылы жер қойнауы туралы жаңа заң қабылданды. Әрине, бастапқыда онда айтылғандар орынды болғанмен, заман көші ілгерілеген сайын талап та өзгере түседі», — деді Т.Тоқтабаев.
Департамент директоры еліміздің тасымал әлеуетін өркендету жайына баса назар аударды. Сондай-ақ, біз уранның қоры жағынан екінші, өндіруден бірінші орында екеніміз аян. Баяндамашы өндіріс көлемін көбейту бағытында да жоспар бар екендігін айтты. Оның үстіне, басқаларға қарағанда уранды өндіру жеңілірек көрінеді. Демек, бұл салада да атқарылар жұмыс жеткілікті. «Мамандар 2035 жылға дейін «қара алтын» бағасының өсімі төмендемейтінін айтты. Сонымен қатар, болашақта жел диірмені мен күн батареяларының қолданыс аясы артпақ. Ал, екі жылдан соң Қазақстанда тау Кодексін қабылдау жоспарланып отыр», — деп түйіндеді әңгімесін министрліктің өкілі.

Айбөпе САБЫРОВА.
Суреттерді түсірген
Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button