Жарнама
Саясат

ЖЕР – БАР БАЙЛЫҚТЫҢ БАСЫ

 

Бұрынғы аумақтық жер инспекциясының ізінде жаңадан құрылған жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы негізінен Атырау облысының аумағында қоршаған ортаның бiр бөлiгi ретiнде жердi қорғауға, оны ұтымды пайдалануға, жердi ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы айналымынан негiзсiз алып қоюды болдырмауға, сондайақ топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру мен арттыруға бағытталған құқықтық, ұйымдық, экономикалық, технологиялық және басқа да iсшаралар жүйесiн жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.       

Жер кодексінің 148-бабында бекітілгеніндей, мемлекеттiк органдардың, кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, жер телімдерiн нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланудың белгiленген режимiнің сақталуына, бұл жерлерді өз бетiнше иеленiп алуға жол бермеуге, меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтарының сақталуына, жердiң жайкүйiне әсер ететiн тұрғынжай және өндiрiстiк объектiлердiң жобалануына, орналастырылуы мен салынуына, азаматтардың өздерiне жер учаскелерiн беру туралы өтініштерін қараудың белгiленген мерзiмдерiнiң сақталуына, тағы да басқа мемлекеттік бақылауларды  ұйымдастырып, жүргізеді.

Жер дегенімізбар байлықтың басы, бүкіл тіршіліктің көзі. Бұл мәселеге келгенде жүрек сезімі оянбайтын адам жоқБүкіл адамзат қауымының арғыбергі тарихына көз салсақ, жер мәселесінің ерекше мәнге ие болатындығын байқаймыз. Жер –  бүкіл материалдық өндірістің базистік негізі, мемлекетті құрып, дамытудың аса маңызды геосаяси факторы. Оның осындай маңызын түсіне және пайдалана білген, ресурстық мүмкіндіктерін дұрыс бағалаған және қоғамда жердің маңызы туралы нақты көзқарас қалыптастыра білген елдер ғана жоғары жетістіктерге жеткен. Еуропадағы өркениетті үдерістердің тарихи қалыптасуын осының мысалы ретінде қарастыруға болады. Мұнда жер ресурстарының географиялық орналасу жайы, оның табиғи әлеуеті, ауа райының тұрмыстіршілікке қолайлылығы дамыған қоғам құруға орасан зор ықпал етті.

Мемлекет басшысының жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген жер телімдерін түгендеу туралы тапсырмасын орындау мақсатында облысымыздың барлық аудандарында жұмыс топтары құрылып, тиянақты шаруа тындырылуда.

Осыған байланысты айта кететін жағдай, қазіргі нарық заманында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуда, халықтың тұрмыстық жағдайын жақсартуда жер мәселесі, жер қатынастары саласыкүн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі болып қала бермек. Міне, осыған орай жер қатынастары саласында көптеген оңды өзгерістердің орын алып отырғанын айта кеткен жөн.

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексі мен Жер кодексіне бірқатар оңды өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, Президент Жарлығымен жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау ісін орталық атқару органдары құзырынан алып, жергілікті атқару органдары ісіне беру, яғни, облыстық әкімдіктерге табыстау жұмыстары жергілікті жерде жер қатынастары мәселесін шешудегі оң серпілістер береді деп күтілуде. Қазір облыста «жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесіжаңа мемлекеттік орган құрылып, жұмысын бастап кетті.

Атырау облысы бойынша аумақтық жер инспекциясымен былтыр 22 жоспарлы, 467 жоспардан тыс, барлығы 489 рет тексеру жүргізіліп, қорытындысымен 170 заңбұзушылық анықталды. Жеке және заңды тұлғаларға жердің пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, пайдаланылып жатқан жерді анықтау фактісімен Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 92-94 баптарының талаптарына сәйкес 867 жазбаша ескерту берілді.

Сондайақ, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 708-709-баптарына сәйкес, мәжбүрлеп өндіру үшін 1 млн. 215 мың теңгені құрайтын 11 әкімшілік іс сотқа жолданды.

Ғибрат СҮЛЕЙМЕНОВ,

 облыстық жердің пайдаланылуы мен

қорғалуын бақылау басқармасының басшысы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button