Жарнама
Саясат

Жеңістен үмітті жеті партия

Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарды ұсыну қорытындылары және халықаралық байқаушыларды аккредиттеу қорытындылары туралы Нұрлан Әбдіровтың төрағалығымен орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті.

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мəжілісі депутаттарының жəне мəслихаттар депутаттарының бір бөлігін сайлауға қатысуға Ортсайлаукомға құрамына 283 кандидат енгізілген партиялық тізімдерін ұсынған барлық 7 саяси партияның жіберілгенін хабарлады.

Константин Петров Мəжіліске саяси партиялар тізімі тұрғысынан статистика келесідей болатынын атап өтті:

«Қазақстан Халық партиясы» – 52 кандидат,

«Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясы» – 54 кандидат,

«Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» – 19 кандидат,

«Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» – 18 кандидат,

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» – 25 кандидат,

«Respublica» партиясы» – 25 кандидат, «AMANAT» партиясы – 90 кандидат.

Əрбір партиялық тізімде үш санаттағы өкілдер саны: əйелдер, жастар, мүгедектігі бар жандар – жиынтығы бойынша оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде 30 пайызын құрайды. Қазіргі уақытта ОСК партиялық тізімге енгізілген адамдардың Конституция мен Сайлау туралы Конституциялық заң талаптарына сəйкестігін белгілеу үшін уəкілетті мемлекеттік органдарға сұрау салулар жолдады. Əрбір партиялық тізімді тіркеу мəселесі Орталық сайлау комиссиясының отырыстарында мемлекеттік органдардың жауаптар түсуіне қарай егжей-тегжейлі қаралатын болады.

Сондай-ақ ол Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің депутаттарын сайлау бойынша 29 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша 609 кандидат немесе орта есеппен бір мандатқа 21 адам ұсынылғанын, 79 кандидатты 7 саяси партия ұсынғанын, 5

кандидатты төрт қоғамдық бірлестік ұсынғанын, 525 немесе 86,21% — өзінөзі ұсынғанын хабарлады. Бұл жолғы сайлау науқанында республика бойынша 223 мəслихатқа 3415 депутат сайланады, оның ішінде 668-і – облыстық мəслихатқа, 617-сі қалалық мəслихатқа, 2130-ы аудандық мəслихатқа. Партиялар бөлінісінде мəслихатқа тізімдер статистикасы келесідей: «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясы» – 200 кандидат (20 өңір), «AMANAT» партиясы – 699 кандидат (20 өңір), «Ауыл» Халықтықдемократиялық патриоттық партиясы – 136 кандидат (20 өңір), «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» – 93 кандидат (Қостанайдан басқа 19 өңір), «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» – кандидаттар ұсынылмаған (20 өңір), «Қазақстан Халық партиясы» – 182 кандидат (20 өңір), «Respubliсa» партиясы – 161 кандидат (20 өңір). Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша облыстық мəслихат депутаттарын сайлау бойынша 1720 кандидат, қалалық жəне аудандық мəслихаттар депутаттарын сайлау бойынша 10 124 кандидат ұсынылды.

Тақырыпты қорытындылаған Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Əбдіров ұсынылған ақпаратқа сəйкес тіркелген 7 саяси партияның барлығы Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің депутаттарын сайлау бойынша 29 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Парламент Мəжілісінің 69 мандаты үшін саяси жарысқа қатысатынын немесе орта есеппен бір мандатқа 21 адам ұсынылғанын атап өтті.

– Барлық деңгейдегі мəслихат депутаттығына кандидаттардың арасында 119 партиялық тізім ұсынылған. Бұл тізімдерде 1471 үміткер бар. Мажоритарлық жүйе бойынша – 11 844 үміткер. Жалпы, Мəжіліс пен мəслихат депутаттығына 14 207 кандидат ұсынылуда, — деп түйіндеді Нұрлан Əбдіров.

Сайлау науқаны аясында шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын Сыртқы істер министрлігінің ұсыныстары бойынша аккредиттеу рəсімі жүріп жатыр. Күнтізбелік жоспарға сəйкес аккредиттеу рəсімі 13 наурызда сағат 18.00-де аяқталады

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button