Жарнама
Саясат

Жастарға зор мүмкіндік

«Атырау-Ақпарат» медиахолдингінің баспасөз орталығында өткен бұл жолғы басқосудың мақсаты ­– Президенттік жастар кадр резервіне байланысты дайындық шараларын пысықтау болатын.

Сол себепті де бірінші кезекте кездесуге шақырылғандар мен қатысушылардың назарына биылғы 1-30 қыркүйек аралығында Президенттік жастар кадр резервіне құжат қабылдау бастау алғандығы туралы хабарлама мен іріктеудің кезеңдері жөнінде ақпарат ұсынылды.

img 9571


img 9570

Күн тәртібіндегі мәселеге орай туындаған түрлі тақырыптар төңірегінде Атырау облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент басшысының міндетін атқарушы Айнұр Еңсегенова, спикерлер пулының мүшесі Серік Қадыров, ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиал басшысы Еркебұлан Ғабдығапаров және басқалары түсінік берді.

img 9573


Соның ішінде, спикерлер пулының мүшесі Серік Қадыров резервке іріктеудің 2 кезеңіне қатысу барысындағы тәжірибесін ортаға салып, «биылғы іріктеу кезеңдерінің цифландырылуы ашықтық пен объективтілікті, сондай-ақ, әділеттілікті қамтамасыз етеді деп ойлаймын» деген пікірімен бөлісті.

Ал, «Атырау-Ақпарат» медиахолдингінің бас директоры Жасын Біркенов аталған жобаға қызығушылық танытып, қатысуға ниетті екендігі айтып, әріптестеріне аталған жобаның талантты жас-тар үшін үлкен мүмкіндік және әлеуметтік саты болып табылатындығын атап өтті.

Дәулетқали Аруев

Суретті түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button