Жастарға жалын берді
Жолдау жолдарынан:
«Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек»
Келешегіміздің келбетті, болашағымыздың баянды болуы бүгінгі жастарға тікелей байланысты. Өйткені, олар – елдің қуаты мен қозғаушы күші. Сондықтан, жастардың сапалы білім, саналы тәлім-тәрбие алып, саламатты болып өсуі – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жастарға ерекше сенім артып, олардың жағдайын жасау қажеттігін биылғы Қазақстан халқына Жолдауында баса айтты.
Жастарды қолдау негізгі саясаттың басымдығына айналуы тиістігін меңзеп, келер жылды «Жастар жылы» деп атады. Бұл орайда ақпарат пен жаңа технологиялардың дамыған заманында, өзгелерге үлгі болатын өркениет әлемінде жас буын өздерінің заманауи идеяларымен көш бастаушылар болып саналуы қажеттігін алға қойды. Осы міндетті асыруды көздеген Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында жаңа уақыт талаптарына төтеп бере алатын, кәсіби білікті, бәсекеге барынша қабілетті, ұлтжанды азамат тәрбиелеуде жастармен жұмыс қарқын алды. Бүгінде студенттік өзін-өзі басқару құрылымы, жастар комитеті барлық жастың басын қосып, жүйелі түрде жұмыс жасауда.
Жалпы институттың тәрбие жұмыстарын «UNITY» тақырыбында, яғни, бірлік, татулық, ауызбіршілік мағынасында, ал, ұраны ретінде «We are one», яғни, «біз бірміз» деп таңдадық. Биылғы оқу жылында студенттік өзін-өзі басқару құрамындағы жастардың жаңа идеяларының негізінде «вайн English club», «Steam: 3D моделирование», «Movie Night» жобалары, инстаграм әлеуметтік желісі арқылы aigi_institute парақшасында жастардың сұхбат жүргізу, таланттар мен қонақтар бұрышын дайындау қолға алынды. Бүгінде «UNITY. We are one» тақырыбында институттың тәрбие жұмыстары туралы үлкен ғылыми жоба дайындалуда.
Алтынай ТҮГЕЛБАЕВА,
Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының тәрбие бөлімінің меңгерушісі.