Жарнама
Саясат

«ЖАС ҰЛАН» ҚАТАРЫ КӨБЕЙДІ

Қаладағы №17 орта мектеп лицейінде өткен салтанатты шарада қалалық білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскері Жұмазия Жолмұқанова, Ауған соғысының ардагерлері Наурызғали Медеуов, Алексей Хазимулин және облыстық «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қоғамдық бірлестігінің атқарушы хатшысы Мартагүл Қанатова, қалалық «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы коғамдық бірлестігінің атқарушы хатшысы Нұрбике Қазиханқызы және қаладағы мектеп директорлары «жасұландықтарға» галстук тағып, «жасқырандықтарға» төсбелгі ұсынып оқуда да, өнерде де алда болуларына сәттілік тіледі.
Аталмыш ұйымдар еліміздің нағыз патриоттарын, білімге құштар, ұлттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейді. Ұйымға түрлі олимпиадалардың жеңімпаздары, қоғамдық шаралардың белсенді мүшелері, шығармашылықпен айналысатын мектептің беткеұстар 3-7 сынып аралығындағы оқушылар мүше болды.

Нұргүл ЫСМАҒҰЛ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button