Жарнама
Саясат

Жаңаталаптықтар референдумды бастап кетті

Жаңаталап ауылдық округіне қарасты Хиуаз ауылында нөмірі 180 референдум учаскесі өз жұмысын бастап кетті.

Бұл туралы ser-per.kz хабарлады. Сағат таңғы сағат 7-де ресми түрде ашылған нүктеде …. билютендерді ашты. Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша басталған референдум кешкі 20:00-ге дейін жұмыс жасайды. Жалпы 4000-ға жуық халқы бар бұл округтің 2174-нің дауыс беруге құқығы бар. Ал, 18 хиуаздыққа билютень жәшігі арнайы үйіне барады. 4 тұрғын белгілі себептермен өзге аймақта өз таңдауын жасайды. Тілекқабыл Қарамаллаевтың төрағалық ететін 180 референдум учаскесіне Сұңғат Бралиев, Алтын Тасимова, Әділбек Бүркітбаев, Дина Зарипова, Болат Сұлтанов, Мереке Суфалдияровжәне еңбек ардагері Алтай Тойлыбаев бақылау жасайды. Қазір жаңаталаптықтар дауыс беруді бастап кетті. Ең алғаш Марат Бейілханов өз таңдауын жасады. «Мұндай жауапты әрі тарихи күнде құр жатпай, ел болашағы үшін жасалған маңызды қадамға өз үлесімді қосқым келді. Сол үшін Конституцияға енетін өзгерістер туралы алдын ала саралау жүргіздім»,-дейді тұрғын. Айта кетейік, бұл ауылда ең үлкен дауыс беруші 1929 ж туған Мақыш Насипова болса, ең кішісі 18-ге енді толған Назерке Ғайнелова.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button