ӨРЛЕУ ТЕТІГІ – ӨЗІМІЗДІҢ ҚОЛЫМЫЗДА

Ұлт Көшбасшысының еліміздің  тәуелсіздігін нығайтуға, әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға және жұртшылықтың әл-ауқатын жақсартуға бастайтын  Қазақстанды өркендету жолындағы бес халықтық реформасының төртінші бағыты – болашағы біртұтас ұлт құрауды мақсат етеді.

 

Онда Елбасы  қазақстандық біртектілікті одан әрі нығайту қажеттігін, бұл ретте мем­лекет құраушы ұлт ретінде қазақ халқына айрықша жауапкершілік жүктелетіндігін ерекше атап көрсетті. Мем­лекет басшысының бұл тұжырымы барша қазақстандықтарға ұсынылған 100 нақты қадамның «Біртектілік пен бірлік» деп аталатын төртінші тарауында да айшықты көрініс тауып отыр.

Ал, келешегіміздің келбетті, бола­ша­ғымыздың баянды болуы бү­гінгі жастарға тікелей байланыс­ты. Өйткені, олар – «ертеңімізді жа­сайтын бүгі-німіз». Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап жастар мемлекеттің ең басты назарында болды. Бұл салада «Жасыл Ел», «Дипломмен – ауылға», «Жастар тәжірибесі» сияқты көптеген мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып отыр.

«Дипломмен – ауылға» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес ауылдық елді мекендерге жұмыс жасауға келген әлеуметтік сала мамандарына бір жолғы көтерме ақы төлеу және тұрғын үй сатып алу үшін пайызсыз бюджеттік несиелер ұсыну шаралары ауданымызда жылма-жыл жалғасын тауып келеді.

Биылдың өзінде «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы негізінде 100 жас маман жұмысқа тартылса, 2016 жылы 60 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр.

Жыл басынан бері аудан бойынша 14-29 жас аралығындағы 53 кәсіпкер өз істерін бастап, өзге ауылдастарына үлгі-өнеге көрсетуде..

Әсел МҰРАТОВА, Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» директорының міндетін уақытша атқарушы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз