Жарнама
Саясат

ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ЖОЛЫ

            5 маусымда өтетін республикалық референдумды шынымен де қоғамымыздағы жаңарудың жолбасы ретінде бағалаған орынды.

            Егер еліміздегі барлық заңдардың бастауын Ата Заңнан алатынын ескерсек, бұл ойымыздың дұрыстығына әбден көз жеткіземіз. Өйткені, Конституцияға енгізілгелі отырған, шын мәнісінде Жаңа Қазақстанды құруға бағыттатталған  түбегейлі өзгерістер Бүкілхалықтың дауыс берудің қорытындысымен ғана мақұлданып, қабылданады. Мұның өзі, бұл жерде әрбір республика азаматының даусы, сол арқылы білдірген ой-пікір, ұсынысы аса маңызды екенін көрсетеді.

            Бұдан былай Президент, Үкімет, Парламенттен бастап, еліміздегі атқарушы және өкілді билік органдарының өкілеттіктері мемлекетті басқару жүйесінде көзделген өзгерістерге сай қайта қаралып, қайтадан бөлінбекші. Осыған дейін ел Президентінің халыққа Жолдауында айтылғандай, осылайша «Еститін мемлекет» қағидатын іс жүзіне асырып, жаңаша қоғам құруға мол мүмкіндіктер беретін сәттің туғанын айрықшалап айтқанымыз ләзім.

            Тұтастай алғанда, конституциялық реформа қоғам өмірінің барлық саласына жағымды жаңалық әкелетіні және елімізді одан өркендетуде оң өзгерістерге кенелтетіні кәміл. Конституция бойынша Қазақстан – президенттік басқару нысанындағы демокраиялық, зайырлы, біртұтас және әлеуметтік-құқықтық мемлекет болып табылады. Ал адам мен оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары – мемлекеттің ең қымбат қазынасы. Ата Заңдағы реформа осыны одан әрі нақтылап, айқындай түсері даусыз.

            Осы орайда, Мемлекет басшысы тарапынан өңірлерді дамыту, жергілікті атқарушы органдардың жұмысын жетілдіру, басқару форматын қойылып отырған талапқа сәйкестендіру мәселелеріне басымдық берілген. Барлық деңгейдегі әкімдерді балама сайлау тетігін іске қосу өз кезегінде мәслихаттардың рөлі мен ықпалын күшейтіп, беделін көтереді. Сондай-ақ, кадрлық шешімдер қабылдау кезінде тұрғындардың мүддесін ескеруге мүмкіндік береді. Сайып келгенде, бұл жолғы референдумның еліміз, халқымыз, қоғамымыз, көпұлтты мемлекетіміз үшін жаңарудың жолбастары боларына сенімдімін.

Қатимоллоа РИЗУАНОВ, Атырау облысның Құрметті азаматы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button