Жарнама
Саясат

Жаңа саяси реформалар: жаңғырудың өзегі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа Қазақстан құруда тың саяси реформалар жасауға ықыласы айрықша байқалады. Бүгінде қалыптасқан жүйені жаңғыртып, реформаларды жаңашылдықтармен жүргізуді өмірдің өзі талап етіп отырғанын Мемлекет басшысы өте жетік түсінеді.

Халық та қазір қолға алынған өзгерістерден, жаңа реформалардан зор нәтиже күтеді, әрі оның тезірек орындалғанын қалайды. Президенттің өзі де әр берген тапсырмасын, алға қойған міндеттерді уақыт созбай, жүйелі түрде жылдам іске асыру қажеттігін жиі айтып жүр. Мен «ATYRAY» облыстық қоғамдық-саяси газетінің тұрақты оқырманы ретінде осы бағыттағы ойымды білдіргім келеді.

Жаңа саяси реформалардың ең басты ерекшелігі – халықты барынша саяси өмірге араластырып, талаптарын заңды түрде қоюға бейімдеу. Яғни билікпен халық арасындағы алшақтықты азайтып, өркениетті елдердегідей тепе-теңдікті ұстау.

Президенттің саяси реформаларының ең өзегі – елдегі басты билік тармақтарының:  заң шығарушы, сот, атқарушы биліктің өзара тәуелсіз, бірақ тиімді баланс сақтай отырып жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Бұл әрине, суперпрезиденттік жүйеге бейімделіп қалған біздің мемлекет үшін таңсық болғанымен, дер кезінде қабылданған оң шешімдер екенін басым айтқан жөн.

Жалпы елдегі саяси және экономикалық реформалардың барлығы мемлекеттің дамуына, азаматтардың конституциялық құқықтарын күшейтуге, адами капиталды арттыруға, қоғамдағы азаматтық белсенділіктің қалыптасуына, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға, түптеп келгенде қазақстандықтардың жайлы өмір сүруі үшін жасалып жатқаны ақиқат.

Ізбасар ҚАБИЕВ,

Атырау қаласы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button