Жаңа Қазақстандағы жаңаша өмір

img 20220508 wa0016 Саясат

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдаған «Жаңа Қазақстан» саяси бағыты қазақстандықтарға жаңа үміт, жаңа серпіліс, жаңа бағдар сыйлағаны анық.

Екінші Республика құрамыз деп мәлімдеуі де халықты жаңа жоспарлар мен сенімді болашаққа жетелейтіні сөзсіз.

Біріншіден, мемлекетіміздің жаңа саяси бағыты халықтың көңіл-күйі мен әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған.

Екіншіден, тұрғындардың экономикалық күйі мен бәсекеге қабілеттілігін арттырып қана қоймайды, сонымен қатар, жаңа мүмкіндіктер мен жаңа жұмыс орындары пайда болады.

Үшіншіден, Қазақстанның алыс-жақын шетелдермен сауда-саттық, экономикалық, серіктестік, достық интеграциялық байланысын жаңартып, қайта нығайту жолдарын қарастырады.

Төртіншіден, интеллектуалды ұрпақ тәрбиелеу жолында және дені сау халық жобасының тиімді жүзеге асуына жол ашады.

Егер, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жолдауында көрсетілген айқын бағыттар жүзеге асатын болса, Қазақстан әлемдік деңгейде де, Орта Азияда да бәсекеге қабілетті елге айналатыны белгілі.

Ару ҰЗАҚОВА, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, журналистика мамандығының 4 курс студенті

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз