Жарнама
Саясат

«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢА ӨМІР БАСТАЛАДЫ»

Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Ерубаев Индер ауданындағы желілік өндірістік басқарма ұжымымен кездесті.

– Азаттықтың басты құндылығы – Ата Заң, – деді ол. – Әлемдік кеңістікте өз орнын айшықтаған тәуелсіз мемлекетіміздің алға қарай да өркендеуі үшін бұрынғы құқықтық жүйенің заман талабына сай жаңаруы – өте маңызды. Осы орайда, Мемлекет басшысы еліміздің саяси өміріндегі ең маңызды шешімді қабылдап, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді жоспарлады және референдум жарияланды. Бұл жаңа саяси реформаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, ол белгілі бір өкілеттіктерді Парламентке, Үкіметке және жергілікті жерлерге беру бастамасын қолдайтынын жеткізді. Оның айтуынша, бұл қоғамға өзін-өзі басқару  арқылы өз тағдырына жауапкершілік алуға мүмкіндік бермек. Ендеше, бұл ел үшін маңызды қадам және оны Конституцияда атап көрсету керек.

– Мажориталды сайлау жүйесі Парламенттің төменгі палатасында округтердің тікелей өкілдерінің рөлін және партияда жоқ кандидаттардың қатысуын белсендірек етеді. Білім беру ұйымдары студенттерінің бойында өзін-өзі басқару дағдыларын дамытуға, сындарлы дебаттар мен студенттік басқару  арқылы жаңаша ойлауды қалыптастыруға көңіл бөлуі керек. Референдумға қатысу – қоғамның демократиялық моделін енгізуге қаншалықты дайын екенімізді көрсетпек. Жаңа және әділетті Қазақстан құру жолында азаматтардың мүддесі мен құқығын қорғау, саяси жүйені, әкімшілік-аумақтық құрылымды өзгерту, жаңа экономиканы қалыптастыру секілді бірқатар маңызды міндеттер тұр. Мемлекет басшысының саяси жаңғыру бағытындағы бастамаларына қолдау көрсету – елдігіміздің белгісі, — деді мәжілісмен.

Өз тілшіміз

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button