Саясат
ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ЖОСПАР ЖАҢҒЫРТЫЛМАҚ
«Жалпыұлттық жоспарға жаңа іс-шаралармен толықтырылған «Болашағы біртұтас ұлт» жаңа бөлімі енгізілді. Оларды іске асыру халықтың отбасын жоспарлау мәселелері бойынша хабардарлығын арттыруға, жастарда отансүйгіштікті, азаматтық жауапкершілікті және рухани-адамгершілік дамуды тәрбиелеуге септігін тигізетін болады», — деді спикер.
Естеріңізге сала кетсек, Жалпыұлттық жоспар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен әзірленді. Бағдарламаның мақсаты – қазақстандықтардың адамгершілік құндылықтарын нығайту, мемлекеттің отбасы-демографиялық саясатын іске асыруға көмектесу.