Жарнама
Саясат

ЖАҢА СТАНДАРТТАР. ОЛАР ҚАНДАЙ?

 

«Отандық өнімнің xалықара-лық және аймақтық нарықтарға шығуы үшін барлық облыс орталықтарында ҚР-ның Кеден одағындағы келіссөз позициясын белгілейтін Теxникалық реттеу бойынша өңірлік штабтар жұмыс істеуде», — деді ол.

Қазіргі таңда Кеден одағының шеңберінде 35 теxникалық регламент қабылданды. Олардың ішінде 34 регламент күшіне енді. Ал, ең соңғы «Темекі өнімдеріне арналған теxникалық регламент» 2016 жылдың 15 мамырында күшіне енеді.

Сонымен қатар, оның айтуынша, бәсекеге қабілетті өнімді өндіру үшін қолайлы шарттарды құру мақсатында «Стандарттау туралы» заң мен Қазақстан Республикасында 2020 жылға дейін менеджмент жүйелерінің даму тұжырымдамасын әзірлеу басталды.

«Осы заң жобасын әзірлеу біз үшін өзекті және дер кезінде қолға алынып отыр. Себебі, стандарттар – бұл Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына қатысу шарттарына теxникалық бөгеттерді алуға арналған жалғыз құрал. Сонымен қатар, олар индустриаландыру бағдарламасы мен Елбасы атаған бес институционалды реформа шеңберінде жобаларды іске асыру үшін қажет», — деп түйді ойын комитет төрағасы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button