ЫНТЫМАҚ – ДАМУ КЕПІЛІ

Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты халыққа Жолдауында қоғам үшін маңызды мәселелердің шешімін айтып берді.

Біз, этномәдени ұйымдардың өкілдері қоғам алдындағы жауапкершілікті ерекше сезінеміз. Біз бір ту астына бірнеше ұлт пен ұлысты ұйыстырғанҚазақстан халқы Ассамблеясының аясында жемісті еңбек етудеміз. Ол үйлесімді қоғамды құруда жетекші институттардың біріне айналды. Бейбітшілік, келісім, бір-бірімізге деген құрмет – бұл біздің болашағымыздың кепілі.

Елбасымыздың дана саясаты бізге қиын шақтардан өтіп, алауыздықтарға жол бермей, жақсы қарым-қатынастарды сақтап қалуға мүмкіндік берді. Әр ұлттың өкілі өз тарихын оқуда, басқа елдердегі өздерінің туған-туыстарымен араласады. Сонымен бірге біз қазақ тілі мен мәдениетін оқып, мұндай қарым-қатынасты балаларымызға да үйретудеміз.

2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің 20 жылдығын атап өтеді. Сол себептен, Президентіміз айтып өткендей, біз еңбектене береміз, бірлігіміз бен этникааралық келісімді сақтау үшін аянбаймыз.

Гүлсина Байкенова, облыстық «Татулық» татар-башқұрт этномәдени ұйымының жетекшісі.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз