Жарнама
Саясат

Вахталық әдіспен жұмыс жасайтын мұнайшылардың дауыс беруіне барлық жағдай жасалған

№205 референдум учаскесінде 1235 адам дауыс береді деп жоспарланған. Оның 143-і — вахталық әдіспен еңбек ететін азаматтар.

“Доссормұнайгаз” мұнай-газ өндіру басқармасына қарасты Солтүстік Жолдыбай мен Шығыс Мақат кен орындарына референдум комиссиясының төраға орынбасары Ақтоты Сайлауқызы мен мүшелері сайлау жәшігімен барған болатын.

Айта кетейік, вахталық ауысыммен жасайтын жұмысшылардың өз таңдауын жасауға арнайы жағдай жасалған. Сондай-ақ, мұнда қызмет ететін еліміздің басқа да өңірінің азаматтары өз өтініштерімен есепке алу куәліктері арқылы дауыс бере алады. Сондықтан, олар күнделікті жұмыстарына кіріспес бұрын, саяси науқанға белсенділік танытып, бір кісідей атсалысты.

Дауыс беруге алғашқылардың бірі болып келген “Доссормұнайгаз” мұнай кен орнының тауар операторы Алма Есенаманова:

“Бұл референдумның еліміз үшін маңызы зор. Сондықтан, бізге жасалып жатқан мүмкіндікті пайдалынып, өз таңдауымды жасадым” — дейді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button