Кандидатты құрылыс саласындағы мәселелер алаңдатады

1a0037d7 0aea 4812 a1ed 891da486b9c6 870x400 1 Саясат

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан президенттікке үміткер Нұрлан Әуесбаев Республикалық сайлауалды штабында құрылыс ұйымдарының жұмыскерлерімен кездесті.

Кездесу барысында ЖСДП-дан үміткер өз бағдарламасының негізгі тармақтары жайында сөз қозғады.

Өз сөзінде Нұрлан Әуесбаев сайлауалды бағдарламасының негізгі бағдары адам екендігін мәлімдеді. Үміткер атап өткендей, мемлекетпен жасақталған әлеуметтік лифттерден бүгінгі күні пайда жоқ. Сол себепті әлеуметтік қолдау жүйесін құру маңызды.

Үміткердің пайымдауынша, әлеуметтік саясат адамдардың неғұрлым дәулетті санаттарға көтерілуіне, кей жағдайларда кедейлікке ұшырамауына жағдай жасауы керек.
Сонымен қатар Нұрлан Әуесбаев еңбек қауіпсіздігі мәселелеріне де тоқталды. Үміткер атап өткендей, бұл салада өндірістік жарақат пен жазатайым оқиғалардың деңгейі өте жоғары. Оған себеп – жұмыс берушілердің жұмысшылар денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйелерін жақсартуға қаражат бөлгісі келмейтіндігі.

ЖСДП-дан үміткер жағдайды өзгерту үшін азаматтар қайтадан пайда алушы болатын, ал бизнес олигархаттың не мемлекеттің қудалауы мен қысымынан қорықпай адал жұмыс істеп, салық төлей алатындай қоғамды, бизнесті және мемлекетті тепе-теңдік күйіне қайтару қажет. Бұл кезде ірі компаниялар өздерінің байлығы мен мөлшері үшін жауап беріп, мемлекет болса, өз азаматтарына есеп беретін болады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз