Үміткер Шортандыда сайлаушылармен кездесті

screenshot 10 9 Саясат

Бүгін ҚР Президенттігіне Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан кандидат Нұрлан Әуесбаев Ақмола облысы Шортанды кентінде сайлаушылармен кездесті.

Іс-шара барысында жиналған қауымға өзінің сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары жөнінде баяндап берді.

Қажетті инфрақұрылым жоқтығы секілді Қазақстанның бірқатар өңірлеріне тән мәселе Шортандыда да өзекті.

Нұрлан Әуесбаевтың пікірінше, жағдайды түзету үшін жергілікті өзін-өзі басқаруды күшейту керек. Үміткер  барлық деңгейлі депутаттарды бір мандаттық округтардан ғана сайлау қажет деп есептейді. Сол кезде ғана халық қалаулылары сайлауалды уәделерінде тұрып, жауапкершілікті сезінетін болады.

Билікте де өзгерістер орын алуы қажет. Қазақстан парламенттік-президенттік басқару үлгісіне өтуі тиіс. Бұл дегеніміз, президенттің өкілеттіктері толықтай қайта қарастырылады.

Мемлекетті басқарудағы басты рөл парламентке тиесілі болуы керек. Заң шығарушы органды қайта жасақтау қажет. Депутаттардың 50 пайызы партия тізімдері бойынша сайлануы қажет. Халық қалаулыларының тең жартысы бір мандаттық округтардан құралуы тиіс.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз