Жарнама
Саясат

ҮМІТКЕР САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚР Президенттігіне Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан кандидат Нұрлан Әуесбаев елордадағы «Жұмбақтас» қонақүйінің конференц-залында сайлаушылармен кездесті.

Кездесде жиналған қауымға өзінің сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары жөнінде баяндап берді.

Нұрлан Әуесбаевтың айтуынша, мемлекет алдында тұрған басты міндет – саяси жүйе реформасы. Қазақстан парламенттік-президенттік басқару үлгісіне өтуі тиіс. Яғни, президент өкілеттігін қайта қарастыру қажет.

Мемлекет басқарудағы басты рөл парламентке тиесілі болуы тиіс.

Заң шығарушы бұл органды қайта жасақтау қажет. Бұл мақсаттағы алғашқы қадам Сенатты жоюмен айқындалады. Мәжілісті күшейтпек керек. Бұған қол жеткізу үшін ЖСДП-дан кандидат Мәжіліс депутаттарының санын көбейтуді ұсынады. Сонымен бірге депутаттардың 50 пайызы  ғана партия тізімдері бойынша сайлануы тиіс. Халық қалаулыларының тең жартысы бір мандаттық округтардан, өзін-өзі сайлаушылардан құралуы қажет. Бұл парламентарийдің электорат алдындағы жауапкершілігін арттырады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button