Жарнама
Саясат

Үміткер кедейлікті жоюға мүдделі

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан ҚР президенттігіне үміткер Нұрлан Әуесбаев Ақмола облысы Қоянды ауылында болып, сайлаушылармен кездесті.

Кездесу барысында үміткер жиналғандарды өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Әуесбаевтың пікірінше, қатардағы қазақстандықтар жыл өткен сайын кедейлене түсуде. Азық-түлік бағасының ұдайы өсуі қалыпты жағдайға айналды. Қарапайым халықтың несиеге деген тәуелділігі күн санап күшейіп барады. Ұлттық банк болса, халықты емес, банкирлерді байытып, базалық мөлшерлемені жоғарылатуда.

Үміткер Ұлттық банк саясатын қайта қарастыру қажеттігін мәлімдеді. Басты назарда олигархат қызығушылығы емес, халық жағдайы тұруы тиіс.

Айтқандай, Қоянды елордаға жақын орналасқанына қарамастан, өңірде жол жағдайы, ауыз су жоқтығы секілді әлі де шешілмеген бірқатар мәселелер бар.

Соған қарамастан кент – әкімдердің тікелей сайлануының өңірдің өміріне оң әсер ететіндігінің жарқын мысалы. Биыл Қоянды әкімі болып жергілікті тұрғын, қандас Бақытхан Солтанбай сайланды. Сөйтіп, мәселелер шешіле бастады.

Нұрлан Әуесбаев атап өткендей, партия барлық деңгейдегі әкімдерді тікелей сайлауды енгізуді көптен бері талап етіп келеді. Ауылдардың мысалы қала мен облыстар әкімдерінің сайлануын енгізуді жеделдету қажеттігін көрсетеді. Сонда ғана жергілікті атқарушы органдар халықтың игілігі үшін жұмыс істейтін болады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button