Сенат депутаты С.Еңсегенов Атырау ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті

deputattary – el ishinde2 e1515738804534 Жаңалықтар

Атырауға іссапармен келген Парламент Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов Атырау ауылдық округінде тұрғындармен кездесті.

Парламент депутаттары – ел ішінде

Парламенттің жұмысы туралы айтқан сенатор соңғы қабылданған заңдарға да тоқталды. Ол заңдардың басым көпшілігі Елбасының жыл сайынғы Жолдауында және Парламент сессияларында берілген тапсырмаларды іске асыруға байланысты қабылданып отырғанын атап көрсетті. «Елбасының Жолдауы – ішкі дамуымыз бен сыртқы саясаттың негізгі бағытын қамтитын маңызды саяси экономикалық құжат»,-деді ол.

Сенатор жиын барысында кәсіпкерлік, 2018-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға кеңірек тоқталып, тұрғындарға егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.

Парламент депутаттары – ел ішінде2

Кездесу барысында ауыл тұрғындары көкейде жүрген сауалдарын қойып, көкейкесті мәселелерін ортаға салды. Оның ішінде балық шаруашылығын дамытуға қатысты теңізге 10-15 жылға бірде-бір қайықты шығармау туралы мораторий қабылдау туралы айтқан еңбек ардагері Қадыр Мәжитов «Ақжайық» резерватының қорықтары ауыл тұрғындары малының жайылымына мүмкіндік бермей отырғанына қынжылыс білдірді.

Мәлике ҚУАНЫШЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз