Уәде орындалуымен құнды

af71535a6a96c371f0c450624e82918a Саясат

Атырау облыстық мәслихатындағы «АMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жиналысы өтіп, партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды  бағдарламасының орындалысы мен алдағы жоспарлары талқыланды. Жиынға қатынасқан облыс әкімі Серік Шәпкенов бағдарламаның орындалысы туралы хабарлама жасап, нақты көрсеткіштерді атады.

Облыста «АMANAT» партиясының облыстық, қалалық және аудандық сайлауалды бағдарламаларының орындалуы бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бағдарламадағы тапсырмалардың орындалуын бақылауды барлық деңгейдегі қоғамдық кеңестердің мүшелері, партияның фракцияларына, сондай-ақ аймақтық сайлауалды бағдарламалардың көрсеткіштері мен іс-шараларына жеке бекітілген депутаттар жүзеге асыруда. Айта кетейік, 2021 жылы 78 қоғамдық кеңестің 307 отырыс өткізіліп, 424 мәселе қаралған.

Сайлауалды бағдарламаға қатысты мәліметтермен таныстырған облыс әкімі Серік Шәпкенов «Жалпы, Атырау облысы бойынша 2021 жылға жоспарланған 722 іс–шараның 699 орындалды, 6-ы – орындалуда, орындалмағаны – 17. Орындалған іс–шаралардың ең көбі Жылыой, Махамбет және Қызылқоға аудандарына тиесілі» деп атап көрсетті.

Жүзеге асырылған шаралар облыс көлеміндегі елдімекендердің инфрақұрылымын жақсартуға, инвестиция көлемін арттырып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына мол мүмкіндік берді. Соның бір дәлелі – Жол картасы шеңберінде 4 жаңа өнеркәсіп нысандары іске қосылып, 208 жаңа жұмыс орны ашылуы.

Бұдан өзге де бірнеше маңызды бағыттарды қамтитын игіліктер көп-ақ. Экология, денсаулық сақтау, бұқаралық спортты дамыту, қоршаған ортаны оңалту, жастарды қолдау бағытында жүзеге асқан іс-шаралар бұл күнде ел игілігіне қызмет етуде.

Облыс әкімі сайлаушылар алдында берген уәдені уақытылы, сапалы орындаудың маңыздылығын атап, жұмысты жандандыру қажеттігін жеткізіп, орындалмай қалған іс-шараларға да арнайы тоқталды. Бұған қоса, уақытылы орындалмай қалу қаупі бар шаралар  мерзімін ауыстыру туралы да айтып өтті.  «Осы аталған мәселелерді алдағы уақытты болдырмау үшін Атырау қаласы мен аудандық әкімдіктер партияның сайлауалды бағдарламасының орындалысы жөніндегі Жол картасын пысықтап, жергілікті жердегі фракциялармен бірлесіп жұмыс атқаруы қажет» дей келе, нақты тапсырмалар жүктеді.

Гүлжан ӘМІРОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз