Тұрсынбекова теледебатта бесінші болып сөз алады

2022 10 27 133446437000 Саясат

Кеше Астанада жеребе тасталды, шара барысында Президенттікке кандидаттардың теледебатында сөз сөйлеу тәртібі анықталды. Ресми шараға барлық үміткерлердің штаб басшылары қатысып, реттік нөмірлерін таңдады.

Жеребе нәтижесінде бесінші болып құқық қорғаушы Салтанат Тұрсынбекова сөз сөйлейтіні белгілі болды. Пікірсайыс 11 қараша күні сағат 20:00-де «Хабар» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Онда үміткерлер сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, бір-біріне сұрақтар қояды, сондай-ақ қазақстандықтардың сауалдарына жауап береді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз