Тұрғындар тілегі орындала ма?
АТА ЗАҢҒА ЕНГІЗІЛЕТІН ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАРҒА ҚАТЫСТЫ МАҢЫЗДЫ СҰРАҚТАРҒА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ӨҢІРЛЕРДІ АРАЛАП, ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУІ КЕЗІНДЕ ЖАУАП БЕРІЛДІ. ОСЫ АПТАДА МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ДҮЙСЕНБАЙ ТҰРҒАНОВ ПЕН «AMANAT» ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШТАБЫНЫҢ МҮШЕСІ, ЖУРНАЛИСТ АРМАНГҮЛ ТОҚТАМҰРАТ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН МАҚАТ АУДАНЫНДА БОЛДЫ.
«Референдум – қоғамды өзгертудің тетігі» Алдымен Доссор кентіндегі 60 жылдық тарихы бар Рыспай Ғабдиев атындағы балалар өнер мектебінің ұжымымен кездескен Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғанов жалпыхалықтық референдумның маңыздылығына тоқталып, оған тұрғындарды түгелдей қатысуға шақырды.
– Еліміздің тарихында егемендік алғаннан кейін екі рет референдум өтті. 1995 жылы 29 сәуірдегі а л ғ а ш қ ы р е ф е р е н д у м д а Президенттің өкілеттігін 5 жылға дейін ұзарту туралы, 1995 жылы 30 тамызда өткен екінші референдумда Қазақстан Р е с п у б л и к а с ы н ы ң ж а ң а Конституциясы қабылданды. А л д а ғ ы р е ф е р е н д у м д а ғ ы ө з г е р т у л е р д е 1 9 9 5 ж ы л ы таратылған Конституциялық сотты қайта құру, Президентке с а я с и п а р т и я л а р ғ а м ү ш е болуға, ал оның жақындары мен туыстарына саяси және квазимемлекеттік секторда лауазымды қызмет атқаруға тыйым салу, Парламент жұмысы мен сайлау жүйесін өзгерту, тағы басқа мәселелер қамтылған, — деді Дүйсенбай Нұрбайұлы.
«Amanat» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Әсел Қаржауова 26 сәуірден бастап аудандық мәслихат д е п у т а т т а р ы , б а с т а у ы ш партия ұйымы төрағалары, партия ардагерлерімен бірге референдумға байланысты үгіт[1]насихат жұмыстары жүргізіліп жатқандығын айтты. «Өгейдің» күйін кешкен өнер мектебі Басқосуда балалар мектебінің ұжымы өнер, білім ошағының қазіргі ахуалын баяндап, қордаланған проблемаларын көтерді. Күрделі жөндеуден өткен бұрынғы ескі емхананың ғимаратын пайдаланып отырған өнер мектебінің материалдық-т е х н и к а л ы қ б а з а с ы с ы н көтермейді.
– Бүгінде мектепте екі ауысымда 350 оқушы білім алады. Оқушылардың саны көбейген сайын, ғимарат тарлық етіп отыр. Сондықтан бір топ оқушымыз кенттегі Сабыр Шәріпов атындағы мектеп[1]интернаттың жатақханасында білім алуда. Шәкірттердің бір жерде шоғырлануы үшін жаңа ғимарат ауадай қажет. Сондай-ақ, ұлттық киім, ұлттық аспаптар жетіспейді. Мектепке көп орынды автокөлік те қажет. Бүгінде ұжым қызметкерлері а л ы с — ж а қ ы н с а п а р л а р ғ а жеке көліктерімен баруға мәжбүр. Соған қарамастан, оқушыларымыз аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық сайыстарға қатысып, жетістіктерге жетіп жүр, — деді өнер мектебінің директоры Мағзом Иманғалиев.
Мәжіліс депутаты өнер ұжымы көтерген мәселелерді тиісті орындарға жеткізетінін, ал, партияның референдумды қолдайтын республикалық штабының мүшесі Армангүл Тоқтамұрат алдағы уақытта мектеп ғимаратының мәселесін бұқаралық ақпарат құралдарында көтеретінін айтты.
– Мемлекеттік биліктің қайнар көзі – халық. Референдум арқылы «Жаңа Қазақстанды» сіз бен біз болып құруға ұмтылуымыз қажет. Ортақ мақсатқа барлығымыз белсенді араласуымыз керек, — деді Армангүл Тоқтамұратқызы.
Тұрғындарды толғантқан түйткілдер Бұдан соң, Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғанов бастаған топ Доссор мәдениет үйінде болып, кент тұрғындарымен кездесті. Қ а з а қ м ұ н а й ы н ы ң қарашаңырағы саналатын Доссор кентінде тұрғындар мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, ит ату заңын қайта күшіне енгізу, есімдері елеусіз қалған жергілікті батыр тұлғалардың есімдерін көшеге беру, жең ұшынан жалғасқан жемқорлық, Еңбек кодексі, әскердегі әлімжеттік, жекешелендірілгенімен пайдаланылмай тұрған сұрықсыз ғимараттардың жыры, қиюы кеткен қоқыстың жайы, бір мекемеде туыс-туғанның жұмыс істеуі секілді мәселелерді қозғады. Сондай-ақ, әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін арттыру мәселелері де сөз болды.
– Мемлекеттік тілдің мәртебесі туралы жиі айтуға мәжбүрміз. Ата-бабаларымыздың аманат етіп қалдырған жерінде қазақ тілінің мәртебесі жоғары болуы керек. Құжаттардың да тілі мейлінше қазақшалануы қажет деп санаймыз. Алдағы уақытта Конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесінің орны биік болғанын қалаймыз. Екінші мәселе, қоғамда үлкен резонанс тудырып отырған бұралқы ит мәселесі. Иттің қауіпсіздігі туралы заңда белгіленгенімен, азаматтардың қауіпсіздігі қаралмай отыр. Екі күннің бірінде үй жануарларының бала-шағаға шапқанын көзіміз көріп жүр, — деді кент тұрғыны Қайрат Қадырбеков.
Доссордағы Мақат мұнай ж ә н е г а з т е х н о л о г и я л ы қ колледжінде өткен кездесуде б і л і м о р д а с ы н ы ң ұ ж ы м ы халық қалаулысына зейнет жасын төмендетуге қатысты өз ұсыныстарын айтты. Тағы бір тұрғын егде жастағы анасының 6-шы учаскедегі пайдалануға берілгеніне ғасырдан асқан апаттық жағдайдағы жапсарлас ү й і н і ң т ө б е с і н е н а қ қ а н жаңбыр суының салдарынан жарамсыз болып жатқандығын, бірнеше жыл өтсе де үйдің кезегі жылжымайтындығын айтып, «алдағы уақытта кентте жаңа үйлер салына ма?» деп сұрады. Мәжіліс депутаты тұрғындардың ұсыныстарын жергілікті атқарушы орындарға жеткізетіндігін айтты. Мәжілісмен Мақат ауданына сапары кезінде орталық кітапхана, аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, балалар өнер мектебінде болды. Кітапхана ұжымының да пікірі зейнет жасын төмендетуге қатысты тоғысса, спорт мектебінің ұжымы жаттықтырушылар мен техникалық қызметкерлердің жалақыларының төмендігін айтып шағымданды. Сондықтан да кадр тұрақсыздығы мәселесі туындай бастаған.
– Ауылдық жердегі жергілікті жаттықтырушылар тәрбиелеген, жақсы нәтиже көрсеткен балалар облыстың құрамасына, одан кейін ұлттық құрамаға алынады да алғашқы жаттықтырушылар ұмыт қалып жатады. Бұл жағдайды әділетсіздік деп ойлаймын. Алдағы уақытта осының барлығы кешенді түрде ескерілсе екен, — деді еркін күрес жаттықтырушысы Әмірхан Жүгінісов.
МАҚАТ АУДАНЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУДЕН ТҮЙГЕНІМІЗ, ТҰРҒЫНДАР АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАРМЕН ҚАТАР, ШЕШІМІН КҮТКЕН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ДЕ ҚОЛҒА АЛЫНҒАНЫН ҚАЛАЙДЫ. АТА ЗАҢ БАПТАРЫНЫҢ ҮШТЕН БІРІ ӨЗГЕРЕТІНДІГІ, ЖАҢА СИПАТҚА ИЕ БОЛАТЫНДЫҒЫ АЙТЫЛДЫ. ОСЫ ТҰСТА ТҰРҒЫНДАР ДА МҰНДАЙ АУҚЫМДЫ САЯСИ НАУҚАНҒА АТСАЛЫСЫП, ЕГЕМЕНДІК ПЕН ЕЛДІКТІҢ ЕРТЕҢІ ҮШІН ДАУЫС БЕРЕДІ ДЕП СЕНЕМІЗ.
Алмас ҚАБДОЛОВ