Жарнама
Саясат

Тұғырнамада қандай тақырыптар қамтылған? 

Қазір – өзгерістер уақыты. Жаңашыл бастамалар кең көлемде, барлық салаға қатысты жүзеге асырылуда. Солардың қатарында «Amanat» партиясының трансформациясын да атауға болады. Негізгі қоғамдық күш саналатын партияның жаңару үрдісіндегі тағы бір жаңалығы – жаңа саяси тұғырнама. Кеше «Amanat» партиясы Атырау қалалық филиалының кезектен тыс ХLIV конференциясы барысында аталған құжаттың жобасы талданып, партияластардың ортақ пікірлері бір арнаға тоғысты. 

Партия мүшелері, сарапшылар, ғылыми және шығармашылық сала өкілдерінің, азаматтық белсенділер мен жастардың пікірталас, ұстанымдары және әлеуметтік сауалнама нәтижесінде өмірге келген идеологиялық құжат қандай мақсатты көздейді? Тұғырнамада қандай тақырыптар қамтылған? Конференция қатысушылары осынау сауалдарға жауап алып, жобаға қатысты сөз алғандардың партия жұмысын жетілдіре түсуге қатысты пікірлерін тыңдады.

eac 2588

Жиын барысында «Amanat» партиясы Атырау қалалық филиалының атқарушы хатшысы Бейбіт Мырзағалиев партияның бағдарламалық мазмұнындағы өзгерістердің жалғасы, трансформацияның бір бөлігі ретінде жасақталған жаңа тұғырнаманың жалпы мазмұнына тоқталып, негізгі блоктарын атап өтті. 

Адам–Қоғам–Мемлекет үш тұғырының үйлесімді тандемі мен өзара байланысына, дамуына негізделген тұғырнама ірі 3 блокқа бөлінеді. Бірінші тармақта отбасы институтының беделін көтеру, білімді, дені сау ұлт қалыптастыру қағидаттары, қоғамды біріктіруші күшке айналуы тиіс жасампаз еңбек тақырыптары қамтылған. Ал, «Азаматтық қоғам – дамудың кепілі» деп аталатын блок бірлік, тұтастық, әлеуметтік әділдік, руханият, жастар мәселесін қаузайды. Сонымен қатар, ұлттық қауіпсіздік, заң, тәртіп, тиімді мемлекеттік басқару, аймақтарды дамыту, ауыл ахуалын оңалту, экологиялық саясат тақырыптары «Мемлекет және біз»тарауының еншісінде. 

1c1d9330 f7f3 4b31 8140 66826003289e

Конференция барысында сөз алған Ғабдол Сланов атындағы ғылыми әмбебап кітапханасының директоры, «Үркер» бастауыш партия ұйымының төрайымы Сара Ізмұхамбетова, облыстық «Аtyray» газетінің Бас редакторы, партия мүшесі Назарбек Қосшиев, Д.Байбосынов атындағы №13 мектеп-гимназиясының директоры, «Өрлеу» бастауыш партия ұйымының топ жетекшісі Досжан Болатбекұлы және «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС еңбекті қорғау жөніндегі бас техникалық жетекші қызмет бастығы  Арман Димұқашев тұғырнамаға арқау болған тақырыптарды кеңінен талдап, ой-пікірлерін білдірді. 

Мәселен, Сара Салахатдинқызы мен Досжан Болатбекұлы білім саласы, жастар тәрбиесіне қатысты, Арман Бауыржанұлы қауіпсіз еңбек ету, жұмысшы саулығы секілді мәселелердің өзектілігін атап өтті.  

eac 2797

Аталған жобаны дайындау барысында арнайы дайындалған сауалнамаға 40 мыңнан астам партия мүшесі қатысып, 1000-нан астам ұсыныстар қабылданған. Демек, бұл – қоғамдағы өзекті тақырып, негізгі мәселелер құжат аясында қамтылғанының көрінісі.   
Жиынды қорытындылаған «Amanat» партиясының Атырау облыстық филиалының атқарушы хатшысы Абдолла Идресов бүгінгі айтылған ұсыныс-пікірлер де назардан тыс қалмайтынын атады. 

f49f1887 9236 4574 bfbd 18da4359e012

Конференция барысында «Amanat» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс конференциясына делегаттар сайланды.  

Гүлжан ӘМІРОВА

Суретті түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button