Тиімді технология – табыс кепілі

Screenshot 2 Саясат

Жолдау жолдарынан:

«2022 жылға қарай еңбек өнімділігін ұлғайтып, өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 2,5 есеге арттыру керек. Мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын заманауи агротехнологияларды тартуға бағыттау қажет»

Screenshot_2

Елбасы Жолдауындағы бұл басымдықтар агроөнеркәсіп кешені қызметкерлері мен ауыл кәсіпкерлеріне ауқымды міндеттер жүктейді. Біздің шаруашылық осы бағытта жұмыс жасап келе жатқан құрылымдардың бірі саналады. Өзім басшылық жасайтын  «АтырауАгроөнімдері» шаруа қожалығы – бүгінгі таңда ауыл шаруашылығының сан саласымен айналысады.

Біз атакәсіп – мал шаруашылығымен де, егіншілікпен де, жеміс-жидек және балық өсірумен де шұғылданамыз. Басты мақсатымыз – өнім өндіріп қана қоймай, оны өңдеп, бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету, сайып келгенде, экспортқа шығаратындай дәрежеге жеткізу. Бұл бағытта жасап жатқан қадамдарымыз бен бастамаларымыз нәтижесіз емес. Облысымызды айтпағанда, жыл сайын елордасы – Астана қаласында өткізілетін дәстүрлі көрме-жәрмеңкелерде, «Қазақстанның үздік тауары» аймақтық және республикалық байқауларында жүлделі орындарды еншілеуіміз еңбегімізге берілген әділ баға деп түсінеміз.

Владимир РОЗМЕТОВ,

«АтырауАгроөнімдері» шаруа қожалығының жетекшісі,

Махамбет ауданы.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз