Жарнама
Саясат

«ТАТУ ОТБАСЫ – МЕЙІРІМДІ КӨРШІ» үкіметтік емес ұйым өткізген шара осылай аталды

«Жастар таңдауы-Атырау» қоғамдық бірлестігінің мұрындық болуымен, қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен ұйымдастырылған бұл шараның алдына қойған басты мақсаты – қоғамның іргетасы саналатын отбасы ынтымағы мен жанұя жарастығын, көршілердің татулығы мен бірлігін, жарасымды тірлігін насихаттай отырып, олардың өнегелі қырлары мен игілікті істерін өзгелерге паш ету еді.
Осы тұрғыда жалғасын тапқан сайысқа аталған мөлтекауданның әр үйінде тұратын төрт отбасы қатынасты. Олар ортақ тақырып төңірегінде өздеріне қойылған түрлі сауалдардың бәріне жауаптар қайтарды. Сөйтіп, күнде бір есіктен кіріп-шығатын, бір дәлізде, қала берді көппәтерлі бір үйде тұратын қаладағы көршілердің де ауылдағылардан қалыс қалмай, қуанышы мен қайғысына ортақтаса білетін, алыстағы ағайыннан да жақын болып кететін мейірімді жандарға айналатындығына көпшіліктің көзін жеткізуге тырысты.
Бұдан бөлек, сол күні үлкенді-кішілі тұрғындардың қатынасуымен қазақ халқының ұлттық ойыны – тоғызқұмалақ, дойбы, сондай-ақ кір тасын көтеру сияқты спорт түрлерінен де тартысты сайыстар өткізілді.
Сенбілік сауық кешін қызықтап, тамашалауға балдырған балалардан бастап ересек адамдар, немере-жиендерін жетектеген ата-әжелер де келіпті.

Дәулетқали АРУЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button