Жарнама
Саясат

Тасымалдау жәшігіне 48 адам өтініш білдірді (+ФОТО)

«Сарайшық” мәдениет үйінде орналасқан  №223 учаскелік референдум комисиясына тұрғындар сағат 07:00-де келіп, өз таңдауын жасады.

Учаскелік референдум комиссиясының төрағасы Жанболат Сұлтанғалиев алғашқы дауыс берушілерге алғыс білдіріп, естелік сыйлықтарын табыс етті.

Айта кету керек аталмыш референдум учаскесіне барлығы 1130 сайлаушы тіркелген. Оның ішінде, үйден тасымалдау жәшігіне  өтініш білдіргендер саны – 48.

f97082fb-121f-4247-bfdc-727feadc37e9

Аталмыш участокте ең алғашқы боп дауыс берген 18 жастағы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенті Гүлбаршын Темірханова мен Сарайшық көпбейінді ауылшаруашылығы колледжінің студенті Махамбет Көшербаевқа естелік сыйлық табыс етілді.

3fbfa5e8-9644-4a7d-895b-473fffa6e4a3
Айта кетейік, аталмыш участокте түскі 12.00-ге дейін 508 дауыс беруші өз  таңдауын жасады.

А.Қуанышқалиева

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button