Жарнама
Саясат

ТӘРБИЕГЕ – ТЕРЕҢ НАЗАР

Кездесу барысында кандидат Т.Сыздықов өзінің сайлауалды бағдарламасының басты бағыттарымен таныстырды. Алдымен, ол Қазақстан Коммунистік халықтық партиясының қызметі ғылыми социализм идеялары, маркстік-лениндік ілім мен прогрессивті қоғамдық ойларға негізделіп құрылғанын атап өтті.

«Біз қоғамдық дамудың біртұтас материалистік теориясы ретінде марксизм-ленинизмнің ғылыми және идеологиялық негіздеріне сүйеніп қызмет атқарамыз. Марксизм – коммунистер үшін қоршаған әлемнің өзгеруімен бірге үнемі дамып отыратын, қоғамның дамуындағы қордаланған және жаңа деректерді ой елегінен өткізетін шығармашылық ғылым. Алға қойылған мақсаттарға жету үшін марксизм-ленинизмді және Қазақстан Коммунистік халықтық партиясының бағдарламалық шарттары мен оның қызметін насихаттау қажет» делінген Т.Сыздықовтың сайлауалды тұғырнамасында.

Сонымен қатар, Т.Сыздықов өзінің сайлауалды тұғырнамасының тағы бір қағидаты – батыс мәдениетінің теріс ықпалы жайында мәселе көтерді. «Руханилықтың мәнін түсіретін батыс құндылықтары мақсатты түрде астамшыл тұтынушылық сана қалыптастыруда», – деп атап өтті өз сөзінде ол. Президенттікке кандидаттың пікірінше, адамның психикасы мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретін ақпараттық ықпалдар бар. «Мысалы, жай ғана компьютерлік ойыншықтардың өзі психика мен денсаулыққа кері әсерін тигізеді», деді ол.

Сондай-ақ, кездесу барысында ҚКХП Қостанай облыстық комитетінің бірінші хатшысы Алпысбай Әлімбаев жиналған жұртты аймақтық сайлауалды штабтың жұмысымен таныстырды. «Біздің штаб кандидатты қолдау бойынша қажетті ақпараттық және үгіт жұмыстарын жүргізуде. Біздің штабта бес сенім білдірілген адам бар, олар насихат материалдарын тарату және халықпен кездесуді ұйымдастыру жұмыстарын атқаруда», – деді ол.

***

Кеше Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясынан ұсынылған Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықов Қостанай қаласында «Большевичка» АҚ тігін фабрикасы ұжымының өкілдерімен кездесті.

Кездесу басында Тұрғын Ысқақұлы сайлауалды тұғырнамасының негізгі аспектілерін ұсынды.

«Алға қойылған мақсаттарға жету үшін марксизм-ленинизм мен Қазақстан Коммунистік Халықтық Партиясының бағдарламалық ұстанымдарын және оның қызметін насихаттау қажет. Бүгінде, батыстық тұрмыс-салтының кемшіліктері мәдениет саласында анық байқалады. Қазіргі заманғы батыс қоғамы капиталистік жолдың алысқа апармайтынын көрсетіп отыр.

Адамгершілік құндылықтар жүйесін өмірге деген қанағатсыз көзқарас алмастырды. Бұл өскелең ұрпақты тәрбиелеуде бірқатар күрделі мәселелер туындатуда. Батыс мәдениеті бизнеске айналды. Оның құндылықтарының басты шарты сұраныс пен ұсыныс қарым-қатынасына ғана негізделеді» деді Т.Сыздықов.

Қостанай облыстық комитетінің бірінші хатшысы А.Әлімбаев «Кандидатымыздың сайлауалды штабы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, тиісті ақпараттық қызмет атқаруда. Штабымызда бес сенімді тұлға бар. Олар үгіт-насихат материалдарын орналастырып, халықпен кездесулер ұйымдастырумен айналысады. «Сондай-ақ, үгіт-насихат жұмысында «Қазақстан Коммунисті» газеті, партия сайты, Интернет пен әлеуметтік желілер белсенді қолданылуда» деп мәлімдеді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button