Субсидияның да сұрауы бар

news1480397026 1515154479 Саясат

Елдің әлеуметтік-экономикалық мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық салаға қатысты ой-пікірін ашық білдіріп, тиісті тапсырмаларын берді.

Атап айтқанда, ол ауыл шаруашылығына берілетін субсидия мәселесіне де тоқталып өтті. Президенттің пайымдауынша, жылдан-жылға субсидияның түрі мен көлемі көбейген сайын оның қолжетімділігі әлі де болса шектеулі болып тұрғанға ұқсайды. Өйткені, субсидия қолына тиген азаматтардың бірқатары уәде еткеніндей, өндірісті өркендетудің орнына жеке мақсатына пайдаланып кетіп жататыны жасырын емес. Керісінше, қаржылай қолдауды өте қажетсінетін қарапайым шаруалар мұндай мүмкіндіктен қағылып қалып қалып жатады.

«Әрине, бұл салада атқарылған жұмыстар да ауқымды, мұны жоққа шығара алмаймыз. Дегенмен, басталған істі жүйелі жалғастырып, соңына дейін жеткізуіміз қажет. Сонда ғана қазынадан берілетін қайтарымсыз қаражаттың қайырын көре аламыз» деді Президент. Осы тұрғыдан келгенде, субсидияның да сұрауы бар екенін естен шығармай, қолдауға сай қайтарым таныту қажет. Сонда ғана қай істің де түйіні оңынан шешіліп, шаруаның алға басары сөзсіз.

Жеңісбай ДОСҚАЙЫРОВ,

шаруа қожалығының жетекшісі,

Махамбет ауданы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз