Жарнама
Саясат

ШЫНЫҚСАҢ, ШЫМЫР БОЛАСЫҢ

Президент Үкіметке апатты жағдайда тұрған мектептерге қосымша 70 миллиард теңге қаржы бөлуді тапсырды. Сондай-ақ, үш ауысымдық оқудан бас тартуға бағытталған жұмыстар нәтижесін беруде. Мектепке дейінгі мекемелердегі орын тапшылығын қысқарту үшін тағы да 20 миллиард теңге бөлу жоспарланды. Жолдар кеңейіп, жаңа құрылыстар қолға алынатын болады. Егер осы жоспар іске асса, инвестиция қоры молайып, жаңа жұмыс орындары ашылады. Сөйтіп, халықты жұмыспен қамту жайы да оңды шешімін таппақ. 

Біздің облыста дене шынықтыру және спортты дамыту саласында да қыруар істер атқарылуда. Жолдауда көрсетілген айқын мақсат-міндеттер, көпшілікті салауатты өмір салтын ұстануға шақырады. Бүгінгі таңда бізде 970 спорттық нысан, 618 жасыл алаң пайдалануға берілген. Қысқы спорт түрлері бойынша академия ашылған. Сонымен бірге, жоғары спорт шеберлігі бойынша мектептер бар. Ал, балалар және жасөспірімдер спорт мектептерінде 10 544 оқушы күнделікті спортпен айналысуда. Жетістіктерге тоқталатын болсам, тек ағымдағы жылдың өзінде үш спортшы халықаралық дәрежедегі, 15-і Қазақстан Республикасының спорт шебері атанса, біреуі еңбек сіңірген спорт шебері атағын иеленді. Әр жарыс, әр жекпе-жек кіл мықтыларды саралап шығарады. Ең үздіктерді анықтай отырып, ел намысын қорғауға мүмкіндігі бар ойыншыларды халықаралық  додаларға дайындаймыз.

Осындай үздіктер қатарын атап өтсек, панкратион белдесуінде Жұмагелді Жалғасұлы, каратэ-кекушинкай жекпе-жегінен Евгений Цой, кикбоксинг алаңында  Абзал Дүсіпов, қазақша күрестен Сұңғат Закарьяев және сол сияқты, тағы да басқа спортшылар өз шеберліктерінмен көзге түсті. Ең мықты, әрі төзімді адамдар ғана нағыз атлет атана алады. Олардың жолында қандай ма қиындық кездеспесін, жеңіске деген құлшынысқа кедергі бола алмайды. Барлық күшті бір жерге біріктірсе, біздің ұл-қыздарымыз аянып қалмайды, спорт пен еңбекте әлі тың белестерді бағындырады.  

Мемлекет басшысы өз Жолдауында заманауи талаптарға нақты жауап беріп, әлемдегі экономикалық дағдарыстарға қарамастан халықтың әл-ауқатын төмендетпеу міндетін алға қойды. Өйткені, еліміздің әлеуметтік-экономикалық  дамуы барлық қажеттіліктен жоғары тұрмақ. Спорт – денсаулық үшін еш алаңдаусыз ғұмыр кешудің бірден-бір кепілі. Жастар қазірден спортқа үйір болса, ертеңінде шаршап-шалдықпай, ауырмай-сырқамай діттеген мақсаттарына жетіп, биіктен көрінері сөзсіз. Сондықтан, мемлекеттің маңызды құжатында денесі шымыр, жаны сау ұлттың ғана болашағы зор екені баса айтылады. Осы ретте, спортшыларымыз да өзіндік үлестерін қосатынына үмітіміз зор.   

Нұржан ЕРМҰХАНОВ,

облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button