J8A0110

Туризм тың бастамалармен толығатын болды

Саясат

J8A0110

Айдана Балашева, Атырау қалалық жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары:

Бүгін Елбасы өзінің кезекті Жолдауында тағы да тың бастамаларға тоқталды. Соның бірі – туризм. Яғни, еліміздегі Алакөл, Бурабай секілді демалыс орындарындай барлық облыс өздерінің табиғаты арқылы осы саланы дамытуы қажет. Бұл бағытта жастар басқармасының қолдауымен, қаламыздың тарихи орындарын жастарға таныстыру мақсатында осыған дейін де «Өлкетану» жобасы жүзеге асқан болатын.  2019 жылы бұл жобаны одан әрі дамытып, Қазақстанның 17 облысында жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Ең қуантарлық жағдай, Елбасымыз соңғы  сөзінде келер жылы Жастар жылы деп атады. Бұл 2019 жылы жоспарымызды нақтылап, еліміздің дамуына әрбір жас өзіндік үлес қосуды деп ойлаймын.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған