Серік ЕРУБАЕВ Атырау аудандарын аралауда
Бүгін ҚР Парламент мәжілісінің депутаты «Ақ жол» демократиялық партиясы фракциясының мүшесі Серік Сәрсенұлы жұмыс сапарымен мұнайлы өлкеге табан тіреді.
Сапар аясында мәжіліс депутаты аудан әкімі Р.Хисаұлымен кездесіп, парламенттік каникул кезіндегі жұмыс сапарын ардагерлермен жүздесуден бастады. Халық қалаулысы бастаған жиынға қалалық мәслихат депутаты Ж.Исмагулов, Атырау облысы филиалының аппарат басшысы А.Абдолқызы, Ардагерлер кеңесінің мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты. Кездесуде аудан ардагерлерінің жұмыс барысы талқыланып бірқатар ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Сондай-ақ «Ақ жол» партиясының құрылғанына 20 жыл толуына байланысты аудан ардагерлерінің ішінде ерең еңбегі мен атаулы партияға 20 жыл дамылсыз үлес қосқан ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәбит Халеновке арнайы мерекелік төсбелгі табысталды.
Парламен мәжілісінің депутаты жазғы демалыс кезіндегі іс-сапарын әрі қарай «Газпром», «НГДУ» еңбек ұжымдарымен кездесуге арнады. Ауданға сапар шегудегі негізгі мақсат өңірлерді аралап, халықтың ой-пікірін тыңдау арқылы ұсыныстар жинақтау. Елдегі өзгерістер мен болып жатқан жаңа реформаларға байланысты қоғам пікірін біліп, өзгеріс тер мен ұсыныстарды жіті талқылау. Осы мақсатта парламент мәжілісінің депутаты С.Ерубаев мақат желілік өндірістік басқармасы, газ құбырлары мекемесіне барып, газшылармен кездесу өткізді. Жиында көптеген талқылаулар жүріп, аудандағы негізгі проблемалар мен мекемедегі қажеттіліктер тыңдалды. Газшылар мекемесінің қызметкерлерінің бірқатар сауалдарын жолдап, түйткілді мәселелерге депутат тарапынан қанағаттанарлықтай жауаптарын алды.
Сапар барысы, әрі қарай кәріс суын тазалау ғимаратында жалғасын тапты. Күніне 6000 куб су келіп, 6000-ға жуық су кері айналып шығатыны, тағы да басқа ғимараттың ішкі жұмысы да бақыланды. Депутат кездесулер мен нысан аралау барысында аудандағы бірқатар мекемелер мен ғимараттардың ішкі жұмыстарымен танысты.
Сапар одан әрі «Доссормұнайгаз» мұнай-газ басқармасында жалғасын тапты. Онда жиналғандар ер азаматтар мен әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендетуге байланысты өз ой-пікірлерін ортаға салды. Бұдан бөлек, Доссор мен Мақатқа перон салу мәселесі де көтерілді. Бұл ретте, аудан әкімі перон құрылысы енді басталатынын айтты. Сондай-ақ, медициналық қызметкерлердің тапшылығына қатысты да сауалдар қойылды. Халық қалаулысы айтылған ұсыныс-пікірлер ескеріліп, Парламент қабырғасына жеткізілетінін айтты.
Айсұлу ҚОНДЫБАЕВА