ДАЙЫНДЫҚ ҚЫЗА ТҮСТІ

Елімізде өтетін маңызды науқан - кезектен тыс Президент сайлауына орай Атырау облысы бойынша 241 сайлау комисcиясы құрылды. Олардың тоғызы аумақтық сайлау комиссиясы болып табыладыОблыс бойынша сайлау учаскелері мектептерде, мекемелерде, ауруханалардаәскери бөлімшелерде, колледждерде, мәдениет үйлері мен балабақшаларда орналасқан.  

Күні бүгінде Президенттікке кандидат ретінде іс басындағы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың, Қазақстан Коммунистік халық партиясының  хатшысы Тұрғын Сыздықов және  Республикалық кәсіподақтар федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайыновтың тіркелгені белгілі. Осыған орай, тіркелген кандидаттардың сенімді өкілдерінің арнайы куәліктері тапсырылды.

Орталық  сайлау комиссиясының күнтізбелік жоспары бойынша  – кандидаттарды тіркеу 25 наурызда аяқталды. Наурыздың 26-нан басталған сайлау алды үгіт-насихат жұмысы сәуірдің 24-і күні сағат 24:00-де аяқталатын болады. Саяси маңызды шараға орай, бүгінде сайлау учаcкелері қызу дайындық жұмыстарына кірісті. Сайлаушылардың тізімі сайлау учаскелерінде 10-сәуірден бастап ілінетін болады.

Сайлауға тұрғындардың белсенділікпен қатысуын қамтамасыз ету, саяси науқанды жоғары дәрежеде өткізу мақсатында қалалық, аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағаларының, хатшылары, облыстық, аудандық аппарат басшыларының және сайлауға жауапты қызметкерінің қатысуымен бейнеконференция өткізілді.

Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының Сайлау туралы» заңының  24-бөлімі 5-тармақшасына сәйкес, әрбір сайлаушы сайлау жарияланған кезден бастап тиісті жергілікті атқарушы органға сайлаушы ретінде тіркелуге құқылы. Тағы бір айта кетерлігі, «ҚР Сайлау туралы» заңының 41 бөлімі 6-1 тармақшасына сәйкес, сайлаушы өзінің тұрғылықты мекенін ауыстырған кезде учаскелік сайлау комиссиясы сайлаушының өтініші бойынша және ол жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігі табыс етіледі. Бұл ретте сайлаушылар тізіміне тиісті белгі қойылады. Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін көрсеткен кезде учаскелік сайлау комиссиясы дауыс беретін күні сайлаушыны оның келген орны бойынша сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізеді.

 Сайлауалды жүргізіліп жатқан жұмыстардың басты мақсаты – еліміздегі Президент сайлауына азаматтардың қатысуын қамтамасыз ету, саяси шараның маңыздылығын жан-жақты түсіндіріп, оның жоғары деңгейде өтуіне ықпал ету болып табылады. Сондықтан, облыс тұрғындарын сайлауға белсенді қатысуға шақырамын. Және азаматтардың сайлауға дауыс беру жөнінде сауалдары болса, облыстық аумақтық сайлау комиссияларының байланыс нөмірлеріне хабарласа алатындығын құлаққағыс етемін.

 

Асау ЫБЫРАШЕВ,

Президент сайлауы бойынша Атырау облыстық

аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз