Жарнама
Саясат

САЯСИ НАУҚАН ШАРАЛАРЫ

Форумда Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Александр Думлер, Патриоттар партиясы облыстық ұйымының бірінші хатшысы Ағила Молдағалиева, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры Бақтыбек Таубаев және «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі Нұрлан Азаматов және басқалар сөз сөйледі.

Сонымен бірге, бұл күні қаладағы Қайырғали Смағұлов атындағы алаңда атыраулық жастар мен студенттердің қатысуымен флешмоб өткізілді.

 

Дәулетқали АРУЕВ.

Суретті түсірген

Ерлан АЛТЫБАЕВ. 

Құлсары

Құлсары қаласындағы Махамбет даңғылы бойындағы орталық алаңда «Есіктен–есікке» атты сайлауалды форум өтті.

Форумға «Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы мұнайшылары мен «КазТрансОйл» Құлсары мұнай құбырлары басқармасының ұжымы және аудан орталығындағы түрлі мекемелер өкілдері қатысты.     

 Шарада «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Үмбетқали Жақашев кезектен тыс Президенттік сайлаудың мән-маңызына тоқталды. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеген Кәдіров, аудандық мәслихат хатшысы Мұхтар Кенғанов пен «Жас Отан» жастар қанаты ұйымының белсенді мүшесі Дана Баймағамбетовалар көпшілікті еліміздің ертеңі үшін маңызды саяси шара — сайлауға қатысуға шақырды.

Қаржау ОРАЗБАЕВ,

Жылыой ауданы.

 

Индер

Кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы шешім қоғамның еркіндігін, еліміздің демократиялық зайырлы мемлекет ретінде қалыптасқандығын көрсетсе керек. Индер ауданындағы «Борат» мәдениет үйі алдында ұйымдастырылған сайлауалды акция осыны айқын аңғартты.

Онда Президент сайлауының мән-маңызы кеңінен айтылды. Жиналғандар алдында қазақ ұлтының жігітімен көңіл жарастырып, ұрпақ өргізген Альфия Гареева сөз сөйлеп, осындай саяси кезеңде елмен бірге болатынын айтып қана қоймай, өзгелерді де сайлауға белсенді қатысуға шақырды. Ең бастысы, халық науқанның маңызын терең ұғынып отыр.

Сұңқар Көшеков,

Индер ауданы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button