САЯСИ НАУҚАНҒА – ТИЯНАҚТЫ ӘЗІРЛІК
Оның айтуынша, облыста күнтізбелік жоспар бекітілді. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну және ҚР азаматтарының өзін-өзі ұсыну арыздарын қабылдау округтік сайлау комиссияларында 20 қаңтардан басталып, 23 ақпанда аяқталады. Ал, сайлау алдындағы үгіттеу-насихаттау жұмыстары 24 ақпаннан 18 наурызға дейін жалғасады
Саяси науқанға Атырау облысы бойынша 302 186 сайлаушы қатысады. Қазіргі таңда, аймақта тоғыз аумақтық, 134 округтік сайлау комиссиясы және 234 сайлау учаскесі белгіленген.
— Бұл сайлау бүкіл қоғам үшiн үлкен сынақ болмақ. Сондықтан, оны сәтті өткізуге және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында Мемлекет басшысы белгілеген міндеттерді бірігіп атқаруға тиіспіз. Вахталық негізде жұмыс жасайтын қызметкерлерге де сайлауға қатысып, өз дауысын беруге мүмкіндіктер қарастырылады, — деді облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы.
Сайлауға қатысты туындаған сұрақтарға жауапты 27-13-23 телефоны арқылы облыстық аумақтық сайлау комиссиясы арқылы біле аласыздар.
Сайлау кезінде тұрғындарға үш сайлау бюллетені ұсынылады:
— ҚР Парламенті Мәжілісіне партиялық тізімі бойынша дауыс беру;
— облыстық мәслихат депуттаттығына кандидаттарға дауыс беру;
— аудандық және қалалық мәслихат депуттатығына кандидаттарға дауыс беру.
Айгүл ЕРТІЛЕУ.