САЯСАТ ҚАБДЫРАХМАНОВ, «ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: «БІРЛІГІМІЗ БЕКИ ТҮСЕДІ»
2. — Шетелдерде шағын ұлттар министрлігі деген арнайы ведомостволар бар. Бұл құқықты қорғау ұйымы болғанымен, түп негізінде өзге ұлттарды ептеп бөлуге әкелетін сияқты. Кейде сол ведомостволар патшалы Ресей кезіндегі «бұратаналар» сортын еске түсіреді. Ал, Қазақстан халқы Ассамблеясының ерекшелігі сол, біздің еліміздегі барлық ұлттың құқығы бірдей. Барлығы да Қазақстанды өз Отаным, тарихи атамекенім деп қабылдайды. Олар қазақ халқының төңірегіне топтасып, бірлікте, бейбіт өмір сүріп келеді. Бұл сөзіме әр шаршы алаңға шыққан сайын оюлы шапан киіп шығатын Геннадий Головкин мен ұлттық стильде мұз үстінде жасындай жарқылдаған Денис Тен дәлел бола алады.
Мінеки, Қазақстан халқы Ассамблеясының өзгелерге үлгі болатын жері – осы. Санының аз-көптігіне қарамай, түрлі ұлттарға тең құқық беріп, әрқайсысының ұлттық мектеп ашуына мүмкіндік беріп отырған Қазақстан саясаты өзгелерге үлгі болуы тиіс.
Жазып алған: Баян ЖАНҰЗАҚОВА.