Жас келсе іске!..

img 20210110 wa0174 Жаңалықтар

Биылғы сайлаудың ерекшелігінің бірі – саяси науқанның пандемия жағдайында өтуі. Десек те, дауыс беріп, ел болашағы үшін таңдау жасау – «елім» дейтін әр азаматтың парызы.

Саяси науқанның өзіндік ерекшелігі ретінде бірнеше фактор аталып жүр. Біріншіден, сайлаудың кезекті болуы. Екіншіден, пропорционалдық жүйе бойынша, әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота қарастырылуы. Бұл қадам жас буын мен әйел затының ел өміріне белсенді араласуына мүмкіндік береді. Үшіншіден, партиялық тізім бойынша дауыс беру.

Тағы бір маңызды ерекшелік, бұл – сайлаудың әлемдік індет кезінде өткізілуі. Бұл да – үлкен сын.

Жалпылама алғанда, тәуелсіздігіктің ордалы 30 жылдығымен қатар келген биылғы науқанды Қазақстанның жаңғыруының, дамуының жаңа кезеңіне аяқ басу деуге болады. Сондықтан, сайлау елімізге оң өзгерістер әкеледі деп үміттенемін.

Құралай Ахмадиева,

Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз