Сайлау-2022: ШЫҰ миссиясының байқаушылары жұмысын бастады

screenshot 1 8 Саясат

ШЫҰ миссиясы 20 қараша күні өтетін кезектен тыс президент сайлауын қадағалайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір ғана ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровпен кездестім. Бұл Қазақстанның кезектен тыс президент сайлауында миссия байқаушыларының бүгіннен бастап жұмысқа кіріскенін білдіреді. Қазақстан – ШЫҰ-ға мүше мемлекет. Біз Қазақстан тарапынан шақырту алып, мүше мемлекеттердің барлығына сауал жолдап, бәрінен қолдау алдық. Құрамында 18 байқаушы бар миссияға өзім басшылық жасаймын», – деді ШЫҰ миссиясының басшысы Чжан Мин бүгін ОСК-дегі брифинг барысында.

Оның дерегінше, мисссия құрамында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің заң шығарушылық, атқарушылық және сайлау органдарының өкілдері, ШЫҰ хатшылығының лауазымды тұлғалары бар.

«Байқаушылар миссиясының мүшелері қызметін саяси шынайылық, бейтараптылық және ішкі іске араласпау ұстанымдарын басшылыққа ала отырып, дербес әрі тәуелсіз жүргізеді. Миссиямызды әділ әрі адал атқаратын боламыз. Қазақстан халқын жарқын болашақ күтіп тұр деп есептейміз. Осыған орай Қазақстанның әділ, тиімді саяси процестерін қамтамасыз ету үшін бізге байланысты жайттың бәрін жасаймыз. Алдағы күндері миссия мүшелері Астана қаласы мен Ақмола облыстарындағы сайлау учаскелерін аралайтын болады», – деді миссия басшысы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз