Атырау облысында құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін цех іске қосылды

4ebcfb73 25ff 4445 aebf f6f95705dc44 Саясат

Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік стратегиялық бағдарламасы аясында «ИСИ Гипс Индер» ЖШС-і құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру цехын іске қосты, – деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Салтанатты іс-шараға Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Айдарбеков қатысты.

760ca6c7 954c 4928 9503 aaa25b6ce8ac

«Цех тәулігіне 20-30 тонна өнім шығарады деп күтілуде. Отандық өнім – ел игілігі үшін қолданылатын болады. Біздің шағын ауылдарымыз осындай нысандар жұмыс істейтін өндірістік орталыққа айналады деп сенемін.
Қара алтынмен аты шыққан Атыраудың аты енді жерасты қазба байлығын кәдеге жаратумен тағы бір мәрте таныла түспек. Елімізде тауар өндірушілерді қолдаудың көптеген шаралары жүзеге асып жатқанын да атап өткеніміз жөн», – деді облыс әкімінің бірінші орынбасары
Серік Айдарбеков.

Серіктестік директоры Жолдас Үмбетияровтың айтуынша, жобаның жалпы құны 160 млн теңгені құрайды.

» Құрғақ құрылыс қоспалары мен ұсақ өнімдер шығаратын зауыттың жылдық қуаты 10 000 тонна. Тәулігіне 20-30 тонна өнім шығаратын цехтың жалпы шығаратын өнімі (фуген) 25 келілік сылақ аяқтау жабыны (финишная шпаклевка) жұмыстарына пайдаланылады.

Өндірілген өнімге сұраныс жоғары болып отыр» дейді ол.

9962ffbe 2436 4c7a ac59 3d4620931294

Соңғы жылдары елімізде құрылыс жұмыстары қарқын алғаны белгілі. Сондықтан, цех әріптестік байланыс аясында өндірісті нығайтуды жоспарлауда.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз