Жарнама
Саясат

SAILAU-2021: «ADAL» мен «Ақ жол» сақадай сай

Күн тәртібіндегі бірінші және екінші мәселе бойынша Ортсайлауком мүшесі Асылбек Смағұлов баяндама жасады.

Ол 2020 жылдың 27 қарашасында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына «ADAL» саяси партиясы мен «Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауына кандидаттар ұсыну туралы құжаттарының тапсырылғаның хабарлады.
Мәжіліс депутаты болып сайлану үшін кандидат Қазақстан Республикасының азаматы болуға; Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 10 жыл тұруға; 25 жастан кіші болмауға; белсенді сайлау құқығына ие болуға тиіс. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 89-бабына сәйкес тіркеуге бір саяси партиядан оған саяси партиялар арасында бөлінетін депутаттық мандаттардың белгіленген санының отыз процентінен аспайтын адамдар саны енгізілген бір ғана тізім жіберіледі. Партиялық тізімде әйелдер мен жиырма тоғыз жасқа толмаған адамдардың саны оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде отыз пайызын құрауға тиіс.
«ADAL» саяси партиясы» қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімінде 16 адам бар. Оның ішінде 5 адам-әйелдер және жиырма тоғыз жасқа толмаған адамдар, бұл тізімге енгізілгендердің жалпы санының 31,2 пайызын құрайды.
«Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімінде 38 адам бар. Оның 14-і- әйелдер және жиырма тоғыз жасқа толмаған адамдар, бұл тізімге енгізілгендердің жалпы санының 36,8 пайызын құрайды.
Уәкілетті органдар ұсынған мәліметтер негізінде, Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс депутаты болып сайлану үшін «ADAL» саяси партиясының» және «Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының» партиялық тізімдеріне енгізілген адамдардың Конституция және  «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізді.
«ADAL» саяси партиясы» мен «Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының» партиялық тізімдеріне енгізілген барлық тұлғалар Конституцияның және «ҚР сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келеді.
Осыған байланысты Ортсайлауком мүшелері екі қаулы қабылдады: «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауда «ADAL» саяси партиясы» қоғамдық бірлестігінің тізімін тіркеу туралы» және «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауда «Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің тізімін тіркеу туралы».

«Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Баспасөз қызметі»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button