Жарнама
Саясат

Референдумнан кейін не болады?

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА ЖӘНЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ БІЗГЕ НЕ БЕРЕДІ? ЕЛДІҢ САЯСИ ӨМІРІНДЕ МАҢЫЗЫ ЗОР ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ БАСТАМАНЫҢ БЕТ АЛЫСЫ, БАҒЫТЫ ҚАЛАЙ БОЛМАҚ? ОСЫ САУАЛДАРҒА САЯСАТТАНУШЫ САЙПОЛЛА САПАНОВ ЖАУАП БЕРДІ.

– Елде жүзеге асқан референдумдар тарихын талдасақ…

– Референдум – аса маңызды демократиялық институт. Қысқаша айтқанда, ол – Қазақстан Республикасы Конституциясының, конституциялық заңдарының және мемлекет өміріндегі өзге де неғұрлым маңызды мәселелері жөніндегі шешімдердің жобалары бойынша бүкілхалықтық дауысқа салу. Қазақстан тарихында жалпыхалықтық референдум екі рет өткізілді. Екеуі де 1995 жылы. 29 сәуірде халық Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін ұзартты, ал 30 тамызда өткен екінші референдумның мәні Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасы болатын.

  • Ендігі болатын референдумның мақсаты – Конституцияны, конституциялық заңдарды қабылдау, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, мемлекетіміздің өзге де неғұрлым маңызды мәселелерін шешу болуы керек.

Жазып алған Гүлжан ӘМІАОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button