Жарнама
Саясат

Референдум: Жаңа Қаратон халқы белсенді

Жылыой ауданындағы Жаңа Қаратон кенті тұрғындары жалпыхалықтық референдумға белсене қатысуда. Кент әкімі Сансызбай Баймұратов та өз таңдауын жасады.

-Бүгін өзгеріс пен жаңашылдыққа  нақты қадам жасаған кең байтақ еліміздің азаматтарымен бірге Жаңа Қаратон кенті тұрғындары референдум учаскелеріне зор ынтамен келуде. Мен де 103-ші учаскеге барып, өз дауысымды бердім. Конституцияға енгізілетін өзгерістерді халықтың дауыс беруі арқылы шешу — мемлекетіміздің жаңашылдыққа, демократияға деген ұмтылысын көрсетеді. Ел тарихындағы елеулі оқиғаға бей-жай қарамау — өзіміздің ғана емес, келер ұрпақтың да болашығы үшін жасалған маңызды қадам деп білемін,- дейді ол.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button