Саясат
Референдум күні тегін тасымалдады
Жаңаталап ауылдық округінің орталығында орналасқан №180 референдум учаскесіне Күйген, Шағырлы, Племстанция, Ақтөбе елді-мекен халқын тасымалдау үшін арнайы автобус ұйымдастырылды.
Ол таңғы сағат 9:00- ден түскі 14:30-ға дейін тұрғындарды тасымалдап, учаскеге жеткізіп, қайта әкетті. Алыстан қатынап дауыс бергендер саны — 1700. Қазіргі уақытта шалғай мекен халқы саяси науқанда түгелдей таңдау жасап, аяқтады.