Қызыл үйлік Әсел бірінші рет дауыс берді
Исатай ауданында шалғай елді мекен тұрғындарының таңдау жасауларына жағдай жасалған.
Тұщықұдық ауылдық округіне қарасты Қызыл үй елді мекеніндегі №132 референдум учаскесінде де дауыс берушілердің белсенділігі байқалады. Аталған учаскеде өзінің дауыс беру құқығын алғаш рет пайдаланып отырған Әсел Бақытжанқызы ең жас дауыс беруші ретінде сыйлыққа ие болды.
— Мен өмірімде бірінші рет дауыс беріп отырмын. Бұдан былай елдегі маңызды оқиғаларға, қабылданатын шешімдерге дауыс беру арқылы өз үлесімді қосатын боламын. Біздің күнделікті өмірімізге, тұрмыс-тіршілігімізге, болашағымызға қатысты шешімдер қабылданып жатқанда қалыс қалуды жөн көрмедім. Атазаңға енгізілетін өзгерістер жобасымен қысқаша таныстым, соған байланысты өз таңдауымды жасадым,-дейді Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледждің 1-курс студенті.