ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкенөзінің үгіт-насихат жұмыстарын бастады
ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкенөзінің үгіт-насихат жұмыстарын бастады. 22 қазанкүні Павлодар облысына барып, кәсіподақөкілдерімен, жастар сондай-ақ кәсіпкерлерменжәне еңбек азаматтарымен кездесті.
Алғашқы кездесу жастардың бастамаларын дамытуорталығында өтті. Жиында өңір бойынша жұмысқатұру, тұрғын-үй, еңбек ақы мәселелері көтерілді. М. Қажыкен бұл мәселелердің шешу жолдарынұсынды. Тиісінше баспана алуға шамаларыкелмейтін отбасылардың аз емес екенін растап, мемлекет әрбір отбасыға жағдай жасауы қажетекенін айтты.
«Бүгінгі таңда жалақы теңсіздігі мәселесіөзектілігін жойған жоқ.
«Аймақтарда азаматтар үлкен қалалардағымамандарға қарағанда аз жалақы алады. Меніңойымша, ұлттық еңбекақы жүйесін біріздендірудіңуақыты келді. Нақты реформа арқылы бірыңғайстандартқа енгізу қажет. Бұл жалақы теңсіздігініңжоюға, оларды тарифтеу және индекстеу әдістерінашық етуге мүмкіндік береді»- деді, кандидат.
М.Қажыкен әр адамның қабілеттерін дамытуғажәне оны өмірдің барлық саласында жүзегеасыруға қажетті жағдайлар мен ресурстарболатындай мемлекет құруға ұмтылатынын атапөтті.
«Мен өзімнің сайлауалды бағдарламамдағы бастыміндеттердің бірі — қай жерде тұратыныңызғақарамастан, әлеуметтік қорғаудың тең деңгейінқоямын. Кедейлік табалдырығында тұрғанотбасыларға, ерекше қабілеті бар адамдарғакөмектесуге ерекше көңіл бөлгім келеді – оларғакәсіби іске асыру үшін барлық жағдай жасалуықажет. Сондай-ақ, қарттарға ерекше көңіл бөлу – олардың лайықты өмір сүруі үшін барлықжағдайды жасау қажет деп санаймын», – деді.
Анықтама үшін:
Жастар бастамаларын дамыту орталығы өңірдегібарлық жастар ұйымдарын біріктіру және олардыңқызметін үйлестіру мақсатында құрылды. Орталықтың негізгі мақсаты – мемлекеттік жастарсаясатын жүзеге асыру, жасөспірімдер мен жастардың бойында патриоттық сананықалыптастыру, олардың адамгершілік, рухани, зияткерлік, шығармашылық және физикалықәлеуетін барынша толық дамытуға ықпал ету.
Орталықтың негізгі құрамы — Павлодар облысындатұратын 18 бен 29 жас аралығындағы жастар. Оныңішіне жастар санатынан басқа жұмысшы, ауылжастары және жастар ұйымдарының өкілдерікіреді.