Нұрлан Ноғаев: Қасым-Жомарт Кемелұлы халқымызды бір мақсат, бір мүддеге жұмылдырады

57294e2962f6fe88bd67818a8310b9d14bdd6ac1 Жаңалықтар

Аtr.kz/23 сәуір, 2019 жыл.  Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың пікірінше, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халқымызды бір мақсат, бір мүддеге жұмылдырады.

«Алдымызда тұрған ендігі басты мақсат – Тұңғыш Президентіміз – Елбасы саясатының алтын арқауы, басты өзегі болған ел бірлігі мен ынтымағының жарасымды жалғасын қамтамасыз ету.

Ұрпақтар сабақтастығы, биліктің институционалдығы мен осы жолдағы таңдау Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаға түскенін «Nur Otan» партиясының мүшелері зор ілтипатпен, сеніммен қабылдады.

 Қасым-Жомарт Кемелұлы – Елбасының сенімді көмекшісі, сенімді үзеңгілесі. Әрі ол әлемдік саясаттың ауа райын жақсы түсінетін, ел мүддесі үшін қажет шешім қабылдай алатын саясаткер ретінде дүниежүзіне танымал тұлға.

Кәсіби біліктілігімен, әр саладағы тәжірибесімен, адалдығы және адамгершілігімен танымал Қасым-Жомарт Кемелұлы Елбасымыздың стратегиялық бастамаларын жалғастырып, халқымызды бір мақсат, бір мүддеге жұмылдыра отырып, Тәуелсіздігіміздің мәңгі болуына, еліміздің дамуына бар күш-жігерін салатынына сенімдіміз» деп нақтылады Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.

«Аtr – Ақпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз